Темір ауданының Кеңкияқ ауылдық округінің әкімін сайлауын мерзімінен бұрын тағайындау туралы ҚАУЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 – бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Кеңкияқ ауылдық округінің әкімін сайлауы 2023 жылғы 8 қазанға тағайындалсын.
  2. Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 31 тамызда басталып, 2023 жылғы 12 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
  3. Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2023 жылғы 17 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
  4. Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.
Темір ауданының Кеңкияқ ауылдық округінің әкімін сайлауын мерзімінен бұрын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
Дата публикации
30 августа 2023