Темір ауданының Алтықарасу ауылдық округінің әкімін сайлауын тағайындау туралы
ҚАУЛЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 – бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алтықарасу ауылдық округінің әкімін сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалсын.
- Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 17 тамызда басталып, 2023 жылғы 29 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 3 қыркүйек жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
- Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.
Төраға Ә.Мұстафин
Хатшы Н.Сафин
№ 24
2023 жылғы 16 тамыз
Шұбарқұдық ауылы