Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 – бабының 9)тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсымай сайлау округі бойынша учаскелік сайлау комиссияларының, Темір ауданының Жақсымай ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде, Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1277 азамат енгізілді, олардың 70,2% дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Жұмагерей Ә.А. – 6,6%; Толеуов С.Е. – 87,5%; Умбетов М.А. – 5,9%.
Толеуов Самат Еспаганбетович, 1982 жылы дүниеге келген, Шұбарқұдық кенті әкім аппаратының әкімі орынбасары, Жақсымай ауылдық округінің Шұбарқұдық ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясы ұсынған. Жақсымай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45 - бабына сәйкес 2023 жылғы 31 шілдесіндегі шешімімен, 2023 жылғы 30 шілдедегі сайланған Темір ауданының Жақсымай ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы