Ақтөбе облысы, Темір ауданы Жақсымай ауылдық округінің әкіміне кандидат Айтпаганбет Нурлан Бакытжанулын тіркеу туралы шешімінің күшін жою туралы Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАТТАМАСЫ

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясына келіп түскен Темір ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 14.07.2023 жылғы № 432 санды жауабын қарап, кандидат Айтпаганбет Нурлан Бакытжанулы ұсынған активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтердің дұрыстығында алшақтықтың анықталуына сәйкес  Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы  11 - тармағының                                                8-тармақшасы негізінде Ақтөбе облысы, Темір ауданы Жақсымай ауылдық округінің әкіміне кандидат Айтпаганбет Нурлан Бакытжанулын тіркеу туралы шешімінің күші жойылсын.
  2. Темір аудандық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында Ақтөбе облысы, Темір ауданы Жақсымай ауылдық округінің әкіміне кандидат Айтпаганбет Нурлан Бакытжанулын тіркеу туралы шешімінің күшін жою туралы хабар жариялансын.

3. Ақтөбе облысы, Темір ауданы Жақсымай ауылдық округінің әкіміне кандидат Айтпаганбет Нурлан Бакытжанулын тіркеу туралы шешімінің күшін жою туралы хаттама Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясына ұсынылсын.

Дата публикации
14 июля 2023