Темір ауданының Жақсымай ауылдық округінің әкімін сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1 тарамағының 2 тармақшасына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Жақсымай ауылдық округінің әкімін сайлауы 2023 жылғы 30 шілдеге тағайындалсын.
  2. Темір ауданы Жақсымай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 22 маусымда басталып, 2023 жылғы 4 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
  3. Темір ауданы Жақсымай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
  4. Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.

 

 

 

Төраға                                                                                Ә.Мұстафин

                                                    

 

Хатшы                                                                               Н.Сафин

                                                   

 

 

 

 

№ 16

2023 жылғы 21 маусым

Шұбарқұдық кенті

Дата публикации
21 июня 2023