Темір ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
- Мекеме мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
- сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді;
- қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) шығаруды ұйымдастырады;
- қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді;
- Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі;
- шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;
- Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады;
- бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Дата публикации
24 января 2023