Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) аудан әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері

 

2.Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты", Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында, отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;

       2) мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерiн қорғау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын iске асыру мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;

       3) әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерiн талдау және Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;

       4) мыналарға:

       экономикалық салада әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, әйелдер арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамытуға, еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыруға;

       еңбек қызметiн үй шаруасы мiндеттерiмен және бала тәрбиесiмен ұштастыру жөнiнде отбасы мүшелерiне жағдай жасауға;

       отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге;

       халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмiр сүру деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге;

       отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбiрiмен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесiн енгізуге;

       халыққа гендерлiк бiлiм беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға;

       демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;

       5) Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар бойынша мемлекеттiк органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне тиiстi ұсынымдар дайындау;

       6) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде Мемлекет басшысы үшiн ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау;

       7) Қазақстандағы отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайы аспектiлерiнiң неғұрлым толық көрiнiс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау;

       8) отбасы мәселелерiне, жыныстар теңдігінің сақталмауына қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;

       9) әйелдер, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi тұжырымдамаларды, мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;

 

  1. Комиссияның өкілеттіктері

 

Комиссия өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттiк органдардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын өз отырыстарында тыңдауға;

       2) мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

       3) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларынан жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiне қатысты заңдардың бұзылу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тергеулер жүргiзудi талап етуге;

       4) Облыс әкімдігінің және аудан әкімінің актiлерінің жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiн қозғайтын жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;

       5) Комиссияның құзырына жатқызылған мәселелердi қарауға мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, сондай-ақ Комиссия отырыстарын дайындауға, бағдарламалар әзiрлеуге және тексерулер жүргiзуге қатысу үшiн штаттан тыс сарапшылар ретiнде беделдi әрi кәсiби дайындығы бар жұртшылық өкiлдерiн тартуға;

       6) Аудан әкiмі және қала, ауылдық округ әкімі жанындағы комиссиялардың қызметiн үйлестiруге, олардың қызметi туралы есептердi тыңдауға;

       7) әйелдердiң кандидатураларын басшы лауазымдарға жылжытуға жәрдемдесуге хақылы.

 

  1. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

 

Комиссия өз жұмысын осы Ереже негізінде жүзеге асырады.

  1. Комиссия төрағадан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Аудан әкімі оның дербес құрамын айқындайды.
  2. Дербес құрам аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
  3. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
  4. Комиссияның отырыстарының, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, құқықтық күші бар болып саналады.
  5. Комиссияның отырысқа қатысушы мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен Комиссия шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
  6. Комиссияның шешімдері хаттамалармен рәсімделеді.
  7. Комиссияның төрағасы:
    • аудан әкімінің қарауына Комиссияның дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді;
    • Комиссияның қызметін ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
    • Комиссия отырыстарының күн тәртібін жасайды;
    • Комиссияның отырыстарын шақырады және төрағалық етеді.

5) Комиссия төрағасы болмағанда отырыстарға Комиссия төрағасы орынбасары төрағалық етеді;

         6) Комиссия мүшелерінің арасынан Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;

         7) Облыс әкімінің және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат  жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының алдында Комиссия жұмысының қортындылары бойынша жүйелі түрде есеп береді;

         8) Комиссия төрағасы болмаған кезде Комиссияның қызмет құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына Комиссия төрағасы орынбасары қол қояды.

  1. Комиссия хатшысы:
  • Комиссия отырысының күн тәртібін дайындайды;
  • Комиссия хаттамасының орындалуын қамтамассыз етеді;
  • Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.

Комиссия мүшелері Комиссия отырысына алмастыру құқығынсыз қатысады.

 

  1. Комиссия қызметін қамтамассыз ету

 

Комиссия қызметін ақпараттық талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.

 

 

Дата публикации
13 января 2023