Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz,, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы санаты E-R-1, 1 бірлік, /индекс 2-08/.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714 теңгеге дейін.