Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: temir.aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы санаты E-R-1, 1 бірлік, индекс 2-04.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысына жалпы басшылық жасау, оның жұмысын ұйымдастыру, аймақтық мемлекеттік саясатты жүргізу, белгіленген тәртіппен бөлімінің қаржы-шаруашылық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды және мақсатты атқарылуын бақылайды, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан және облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Аудандағы мемлекеттің ішкі саясатын, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Мемлекеттік органдардың ішкі саясаты жөніндегі іс-әрекеттерді үйлестіру. Бөлімнің құзыреті шегінде ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы аудан әкімі аппаратының қызметтерін ұйымдастыру, жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру. Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, Қазақстан халық Ассамблеясы, жастар саясаты, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестердің және мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарларын әзірлеу, дайындау, олардың қызметі туралы есеп беруді қамтамасыз ету, саяси партияларымен, діни және қоғамдық бірлестіктерімен, қоғамдық ұйымдарымен, қорларымен, құқық қорғау органдарымен байланысты жүзеге асыру және олармен өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету. ҚР қарсы іс-қимыл туралы және «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына сәйкес экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жолын кесу және оған қарсы тұру жөніндегі қызметті іс-шараларды жүзеге асырады;
ішкі саяси тұрақтылықты, халықтың бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, аймақтағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынылатын үміткерлердің құжаттарын әзірлеу. Мемлекеттік наградалармен аудан бойынша марапатталғандар туралы есеп жүргізеді және ақпарат жинақтайды.
Аудандағы мемлекеттік тіл саясатын жүргізу, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын сақталуын. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану), бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, әлемдік экономика, жобалармен басқару, қоғамдық байланыс, халықаралық құқық, құқықтану, құқық, азаматтық құқық, құқықтану (Құқықтану), заң кеңесшісі), өнер және гуманитарлық ғылымдар (тарих (гуманитарлық ғылымдар), филология, шетелдік филологиясы, шығыстану, дін жүйесі, дінтану, түркітану, исламтану), педагогикалық ғылымдар (тарих, құқық және экономика негіздері).
Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Құжаттар қабылдау уақыты: 03.05.2022ж.- 05.05.2022ж.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8–тармағының 3 бөлігіне сәйкес, осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы мемлекеттік органнан шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді
Әңгімелесуді өткізу уақыты: 11.05.2021 жыл. Әңгімелесуді өткізу орны: 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін азамат әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Анықтама телефоны: 8(71346) 22531, 22760. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
__________________________
_______________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ____________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ________________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Мекен жайы: ___________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________________________________
e-mail: ______________________________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.