АХ Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының өсуі бір жыл көлемінде 613 миллиард теңге болды, БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қарашасындағы негізгі көрсеткіштері

2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,2 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.11.2020 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 613,5 миллиард теңгеге немесе 5% , ал 2021 жылдың қаңтар айынан бері 3 пайызға өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,9 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім – 5%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 355,7 млрд теңге (өсім – 16%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,7 млрд теңгеге жетті.

АХ Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының өсуі бір жыл көлемінде 613 миллиард теңге болды, БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қарашасындағы негізгі көрсеткіштері
Дата публикации
26 ноября 2021