Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 12,8 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
2021 жылдың 7 айында салымшылардың шоттарына 798,3 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс есептелді. Ол шарттардың барлық түрлері бойынша түсетін жарналардың көлемінен асып түсті. Салыстыратын болсақ, өткен жылдың осы кезеңінде ол 752, 9 млрд болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 6,48%, ал инфляция 5,3% болды. Соңғы 12 айда ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,56%, ал инфляция 8,4% көрсетті.