Темір аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына,  101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Темір ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2.   Осы қаулы Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

3.  Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Темір аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
13 октября 2026