2026 жылғы 14 маусымда Темір ауданының Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Кеңкияқ ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3649 азамат енгізілді, олардың 2153 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есжанов Ш.С - 456, Мухиева Г.А – 236, Шуркин К.А – 1449.
Шуркин Касымхан Актлеуович, 1972 жылы дүниеге келген, «Кеңкияқ-СК» КМК -ның директоры, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңкияқ ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Кеңкияқ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.