Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қайыңды ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЫ

      2026 жылғы  7 маусымда Темір  ауданының Қайыңды ауылдық округі әкімінің  сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Қайыңды ауылдық округі әкімі сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

 

Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 417 азамат енгізілді, олардың 369 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 1.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Атай С.А - 65, Рашев Р.Р – 252, Ізімқұл С.І – 45.

 

Рашев Раман Рауанович, 1990 жылы дүниеге келген,  «Қайыңды ауылдық округі әкімі аппараты» ММ -нің әкімі, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Құмқұдық ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

                                             Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 июня 2026