Темір ауданының Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 – бабының 1 тармағының 2 тармақшасына  сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 14 маусымға тағайындалсын.
  2. Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 7 мамырдан басталып, 2026 жылғы 19 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
  3. Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 24 мамыр жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
  4. Осы қаулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.
Темір ауданының Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
06 мая 2026