Темір ауданының Қайыңды ауылдық округінің әкімінің сайлауы жөнінде сайлау округтерін құру туралы

ҚАУЛЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының  6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Қайыңды ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:

 

  • Қайыңды сайлау округі – Қайыңды сайлау округінің аумағының шекарасында.

 

  1. Сайлау округтері мен олардың шекаралары, учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетіле отырып, аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.
ҚАУЛЫ
Дата публикации
29 апреля 2026