«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 – бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қайыңды ауылдық округінің әкімінің сайлауы 2026 жылғы 7 маусымға тағайындалсын.
- Темір ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 30 сәуірден басталып, 2026 жылғы 12 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 17 мамыр жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
- Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.