Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жаңа 2020-2021 оқу жылы туралы

Жаңа 2020-2021 оқу жылы туралы

 

Темір ауданына қарасты 25 мектеп 2020-2021 оқу жылын болжаммен 7402 оқушымен, оның ішінде қазақ класында 6 716 оқушы, орыс класында 686 оқушымен бастады.

Жаңа оқу жылында интернет желісі төмен, аудан орталығынан шалғай орналасқан шағын жинақталған 13 мектептің (Жамбыл, Бабатай, Кеңесту, Сартоғай, Құмсай, М.Әуезов, Ә.Молдағұлова атындағы негізгі мектептер, Еңбекші, Теректі, Алтықарасу, Н.Байғанин атындағы мектеп-балабақшалар, Абай атындағы орта мектеп және №5 Шұбарқұдық бастауыш мектебі) барлық 884 оқушысы дәстүрлі, ал 12 мектептің (№1 мектеп-гимназиясы, № 2, № 3, №4, Кеңқияқ, Шұбарши, Қопа, Саркөл, Ж.Кереев, С.Байшев атындағы орта мектептер, Шұбарқұдық гимназиясы, №6 негізгі мектебі) 6518 оқушысы қашықтан оқыту форматына толығымен көшірілді.

1-4 сынып оқушылары санитарлық талаптарды сақтай отырып, әр сыныпта 15 баладан асырмай, ата-ананың өтініші негізінде кезекші топтарда білім алуда. Жалпы қашықтан оқитын мектептердің 1-4 сынып оқушылар саны 2836 оқушы, оның 1674 оқушысы 129 кезекші топтарда білім алуда.

Темір ауданына қарасты білім беретін мектептердің оқушыларын қашықтан сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында Bilimland.kz платформасында оқыту қабылданды. Bilimland.kz қашықтан оқытуға арналған білім беру платформасын пайдалану үшін 1 мектеп құны 173 332 теңге көлеміндегі 4 айлық қызмет құны негізінде 2020 жылдың тамыз айында келісім шартқа отырып, қазіргі уақытта аталған платформаны оқу үрдісінде пайдаланылуда.

Интернет желісімен қамтылмаған аудан бойынша 500 отбасыға арнайы 8 667,7 мың теңгені құрайтын интернет-роутерлер сатылып алынды. Атап, айтсақ арнайы «БІЛІМ» тарифтік жоспарына қосылған, 4 айлық құны яғни, 31 желтоқсан айына дейін ақысы төленген 255 дана БИЛАЙН сим картасы мен роутерлер,  245 дана АЛТЕЛ сим картасы мен роутерлері қазіргі уақытта интернет желісі қажет отбасыларға таратылып, пайдаланылуда.

Аудан бойынша қашықтан оқитын мектептердің 3182 оқушысына (1932 отбасы) компьютерге қажеттілік бар.

Қазіргі уақытта мектеп балансындағы оқу процесіне жарамды 732 компьютер және ноутбуктер қашықтан оқитын мектептерде білім алатын аз қамтылған жекеленген санаттағы отбасының оқушыларына таратылды.

 Сонымен қатар, Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қаржы үнемдеуі негізінде 20,0 мың теңге 100 ноутбук және облыстық бюджет тарапынан құны 110,0 мың теңгені құрайтын 550 ноутбук сатып алуға келісім шарт жасалып, қыркүйек айында алынады және ноутбук қажетті отбасыларға уақытша оқу процесінде пайдалануға беріледі.

Аудан мектептерінде санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды сақтау мақсатында қажетті залалсыздандыру құралдары (бактерицидтік шам, дозатор (антисептик), дезинфекциялық клемше, термометр) 4 475 700 теңгеге сатылып алынып, қазіргі уақытта қолданылуда.

Документы
Хабарландыру
19 октября 2020
Темір ауданы әкімдігі
"Темір аудандық экономика және қаржы бөлімі" ММ
Хабарландыру
Новости
Полезные материалы
Жаңа 2020-2021 оқу жылы туралы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы