Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ішкі саясат

  Қазіргі таңда ақпараттық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық саладағы жұмыстарын, тұрғындармен кері байланыс орнату мәселелерін күшейту  мақсатында салаға жауапты аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен аудан көлемінде әлеуметтік желілерде жарияланатын материалдардың сапасына үнемі талдау жасалып келеді.

   Ағымдағы жылдың наурыз айынан бері аудан әкімдігінде бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен шектеу шаралары туралы «Темір ақпарат» парақшасында 125 брифинг өткізіліп, тұрғындардың сауалдарына жедел жауаптар берілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 12 тамыз күні «Ақтөбе» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілетін «Ақпараттық сағат» бағдарламасына Темір ауданының әкімі Ж.Батырхан қатысып, ауданның экономикалық дамуы, COVID-19 қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады және тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

   COVID-19 қарсы күрес шаралары туралы баспасөз беттерінде (Темір, Ақтөбе, Актюбинский вестник) – 206 («Темір» газеті 134 мақала)  және әлеуметтік желілерде - 3250 материал жарияланды;

   Аудан бойынша шілденің 5 – нен бастап бүгінгі күнге дейін ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік т.б. сала өкілдерімен төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзбауға шақыру мақсатында және «Дәрігерге мың алғыс», «Жақыныңа жанашыр бол» тақырыптарында әзірленген жергілікті 500 инфографикалар мен 50 бейнематериал әлеуметтік желілерде жарияланды;

       Темір ауданы бойынша кәсіпкерлік объектілерінің санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топтармен осы күнге дейін 3664 мониторингтік жұмыстар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдай кезінде аудан тұрғындарына қоғамдық орындарда және көшелерде 8000-ға жуық ақпараттық өнімдер (инфографикалар)   таратылды.

Қазіргі таңда, Темір ауданы әкімдігінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі «Temir_akparat» ресми парақшасында 14 700 тұрақты оқырманы бар және «Телеграм» әлеуметтік желісіндегі аудан әкімдігінің парақшасына тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жедел жауаптар беріліп отыр. Парақшаға тіркелушілердің саны -2640 адам.

Осы бағытта, ауданға қарасты барлық бөлім, мекемелер мен қала және ауылдық округ әкімдіктерінің парақшалары тұрақты түрде жұмыс жасап отыр.  

Сондай-ақ, барлық жергілікті атқарушы органдардың ресми парақшаларына және телефон арқылы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар, сыни пікірлерді қабылдау, тіркеу, есебін жүргізу, жауаптыларға үйлестіру, жауабын жолдауды ұйымдастыру жөнінде жауапты мамандар бекітілді.

Документы
Тізілім
14 мая 2024
Темір ауданы әкімдігі
Қоғамдық медиаторлар тізілімі
Кесте
04 октября 2023
Темір ауданы әкімдігі
Темір ауданы бойынша кәсіби емес медиаторлардың тізімі
Кодекс
08 ноября 2022
Темір ауданы әкімдігі
Этикалық кодекс
Новости
Полезные материалы
Ішкі саясат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы