Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қаламызда (немесе ауылымызда/мекемемізде) ауқымды сенбілік өтті. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған өлкеміздің тазалығына үлес қосу.
Қызмет алушының құқықтары қорғалды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.
Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.
Осылайша, қызметті алушы Көлік құралдарын есептен шығару үшін Ақтөбе облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталығына жүгінді.
Алайда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталықтың ақпараттық жүйесінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы ұйғарым пайда болғаннан кейін қызмет беруші мемлекеттік қызметті алудан бас тартты.
Кейін, қызмет алушы мұндай жағдайға келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, қорытындысы бойынша теміржол қозғалысы саласындағы қауіпсіздік сақталмаған кезде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылғаны анықталды.
Дегенмен, мұндай жағдайда бас тартулар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында төленбеген айыппұлдар болған жағдайда ғана берілуі тиіс.
Аталған жағдай ақпараттық жүйенің мемлекеттік қызметтің теріс нәтижесін беруіне әсер етті.
Департамент қызмет берушіге көлік құралдарын есептен шығару туралы ұсыным енгізіп, нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтірілді.
Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы - М. Шманов.
ПОЛИЦИЯ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ ЖЫЛДЫ
ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ.
12 ақпан күні Темір ауданы полиция бөлімінің, бастығы полиция подполковнигі Б.А Бақтығалиев және учаскелік полиция инспекторы А.Ә Молдағазы
Жақсымай ауылдық округінде тұрғындармен есеп беру жиынын өткізді.
Кездесуде Темір ауданы ПБ 2023 жылы атқарылған
жұмыстары мен ҚР ІІМ және ПБ басшылығымен
2024 жылғы жоспарын және нұсқаулықтарын
орындау мақсатында есеп берілді.
Оның ішінде аса назар мал ұрлығы, алаяқтық және жол көлік оқиғасының алдын алу жасөспірімдердің
арасындағы қылмысты болдырмау бағытында
түсіндіру жұмыстары жүргізіліп және де ауыл
тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Жиын соңында
ауданымыздың құқық қорғау саласын дамытуға
қосқан үлесі үшін 4 тұлғаға Темір ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі
Б.Бақтығалиевтің Алғыс хатымен марапатталды!
Қазақстан Республикасының 2004 жылы
9 шілдедегі 599 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
азаматтардың қатысуы туралы заңына сәйкес 12
ақпан айы 2024 жылы Жақсымай ауылдық округінде
Темір ауданы ПБ бастығы полиция подполковнигі Б.
А. Бақтығалиев 2 тұлғаға Полиция қоғамдық
көмекшісінің куәлігін табыстады.
Өңірлік кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру!!!
Ақтөбе облысының кадрлық комиссиясы Ақтөбе облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру.
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің |Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта aqtobe@onir.pkrezerv.gov.kz арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 114 кабинет.
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің инстаграмм парақшасында aqtobe.onir.rezerv.kz және келесі телефондар арқылы: 8(7132) 55-09-65 алуға болады.
Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай 2011-2012 жыл аралығында туған жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан аудан біріншілігінде Жақсымай ауылдық округінің жасөспірімдері жүлделі 3 орын иеленді.
Жақсымай ауылдық округінің Шұбарқұдық ауылы мен Жақсымай бекетінің ауыл-ішілік жолдары қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.