GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Все материалы
ішкі саясат
21 сентября 2026
" Таза Қазақстан" акциясы

Темір қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында қала аумағына тал көшеттері отырғызылып, қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды.

Тал егу — қаланың жасыл желегін көбейтіп, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.

 

19 августа 2026
Балалар қауіпсіздігіне қатысты нысандарға зерделеу және рейдтік іс-шаралар

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның 2026 жылғы 25 мамырдағы №3 хаттамасымен берілген тапсырмаға сәйкес, Темір қаласы әкімдігі тарапынан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатердің алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында төтенше жағдайлар, полиция, білім беру және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен балалар қауіпсіздігіне қатысты нысандарға зерделеу және рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстар барысында балалар ойын алаңдарының жағдайы және электр трансформаторлық нысандардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілді. Темір қаласы бойынша: 2 балалар ойын алаңы бар, жағдайы қанағаттанарлық; электр трансформаторларының саны – 3 дана. Барлық электр трансформаторларының қоршаулары бар, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Балалардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру және жазғы кезеңдегі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.

30 июня 2026
1 шілде күні мемлекетіміздің Бас құжаты – Конституция заңды күшіне енеді

Тоқаев: Жаңа Конституциямыз – өскелең ұрпақтың өмір жолындағы темірқазығы

Президент 1 шілде күні мемлекетіміздің Бас құжаты – Конституция заңды күшіне енетінін, осылайша, ел дамуының мүлдем жаңа дәуіріне қадам басатынымызды еске салды

– Жаңа Конституция барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз қалады. Мұндай күрделі өзгерістер еліміздің 35 жылдық тарихында да, одан бұрын да болған емес. Яғни Қазақстан сапалы ғылым негізінде өркендеу мен технологиялық өрлеу жолына түсті. Дегенмен қоғам бір мақсатқа жұмылып, ынтымақ-бірлік танытпаса, кез келген, тіпті мұқият сараланған мемлекеттік жоспардың өзі қағаз жүзінде қалады. Туған жерге – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ұмтылатын білімді, ерік-жігері мол отаншыл жастар елімізді көркейтеді. Негізгі заңның түпкі мәні де осыдан көрінеді: Конституция шын мәнінде барлық парасатты және жасампаз күштерді, нағыз патриоттарды еліміздің стратегиялық бағдарының, яғни, реформалардың жалпыұлттық жоспары мен мақсаттары төңірегіне біріктіретін берік тұғырнама іспеттес. Жаңа Конституциямыз – барша халықтың, әсіресе, өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық бағдары, өмір жолындағы темірқазығы.

18 июня 2026
«Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

1 маусымнан бастап өңірде «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Темір ауданы Темір қаласында Темір ауданы полиция бөлімі Темір қалалық әкімдігі, аудандық жастар ресурсы орталығы мамандары, еріктілері, ауыл тұрғындары бірлесіп 2000 нан жабайы қарасора бұтасы жойылды.
 Бұл шара өңіріміздегі есірткі қатерін төмендетуге және өсімдік тектес есірткі шикізатының заңсыз айналымға түсуін болдырмауға бағытталған.

ішкі саясат
03 июня 2026
Аудан әкімі А.Жақсылықовтың, Темір қаласының әкімі М.Акимовтың жоспарлы есептік кездесулері Темір қаласында өткізілді.

Аудан әкімі А.Жақсылықовтың, Темір қаласының әкімі М.акимовтың жоспарлы есептік кездесулері Темір қалалық округінде жалғасты.
 Кездесулер Жамбыл ауылы мен Темір қаласында өтіп, оған жергілікті тұрғындар, ардагерлер және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
 Кездесу барысында Темір қаласының  әкімі М.Акимов округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады.
 Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар жан-жақты талқыланып, аудан әкімі А.Жақсылықов жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
 Әсіресе, елдімекендердің санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік нысандардың жай-күйін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға басымдық беру қажеттігін атап өтті.
 Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

26 мая 2026
Темір қаласында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, қала аумағын тазарту және абаттандыру шаралары жүргізілді.

Тұрғындар мен мекеме қызметкерлері бірлесіп, көше бойларын, қоғамдық орындарды тазалап, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында шөп шабу, қоқыс жинау және аумақты ретке келтіру жұмыстары атқарылды.
 Таза әрі көрікті қала – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі іске атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреміз!

18 мая 2026
ТЕМІР ҚАЛАСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Аудан әкімі А.Жақсылықов Темір қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар құрылыс нысандарындағы жұмыстардың барысымен танысты.
Аудан басшысы алдымен «Темір қаласы Абай, А.Такенов, Ә.Молдағұлова көшелерінің автомобиль жолының құрылысы» жобасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын қарады. Аталған жобаның мердігері – «Den Group Plus» ЖШС. Жобаның жалпы ұзындығы – 2,486 шақырым. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолы салынып, 75 дана көше жарығы орнатылады. Қазіргі таңда нысанда жол негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан әкімі С.Бәйішев атындағы орта мектебіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысын да көрді.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі А.Жақсылықов мердігер мекемелерге құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасына баса мән беруді тапсырып, барлық жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуы қатаң бақылауда екенін атап өтті.
 “Халыққа қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан әрбір жоба сапалы жүзеге асырылуы тиіс”, — деді аудан әкімі.

13 мая 2026
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Темір қаласында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Темір қаласының әкімі тыл ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде майдан даласында болмаса да, тылда аянбай еңбек етіп, Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Кездесу барысында Темір ауданы әкімінің атынан арнайы құттықтау хаттар табысталып, сый-сияпат көрсетілді. Сонымен қатар ардагерлерге жылы лебіздер айтылып, олардың ел үшін атқарған ерен еңбектері кейінгі ұрпаққа үлгі екені атап өтілді.
Тыл еңбеккерлері соғыс жылдарында бар ауыртпалықты көтеріп, күн-түн демей еңбек етті. Олар майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып, Жеңістің жақындауына себепкер болды. Осындай ерлік пен төзімділіктің арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік.Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген құрмет пен ықыласқа алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Жастарға бірлік пен татулықты сақтау, елге адал қызмет ету жөнінде өнегелі сөздерін айтты.
 Тыл ардагерлеріне құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы. Олардың ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

06 мая 2026
АТА-АНАЛАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!

Балалардың өмірі мен денсаулығы – әрқайсымыздың басты жауапкершілігіміз. Күнделікті өмірде кездесетін қауіптердің алдын алу – бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.

 Судағы қауіпсіздік:
Көктем және жаз мезгілдерінде су айдындары аса қауіпті болып табылады. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз және тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуына жағдай жасаңыз.

 Ашық терезе – қауіп көзі:
Терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатып, жиһаздарды терезе маңына жақын қоймаңыз. Балалардың қауіпсіздігі үшін әрдайым бақылауда ұстаңыз.

 Көше және жол ережелері:
Балаларға жолдан тек белгіленген жерлерден және бағдаршамның жасыл түсінде өту қажеттігін үйретіңіз. Көлік қозғалысына мұқият болуды үнемі ескертіңіз.

Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті. Әр ата-ана балаға қауіпсіз орта қалыптастыру арқылы олардың жарқын болашағына үлес қосады. 

29 апреля 2026
Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық есеп концерті

Темір қаласында «Темір қалалық клубында»  «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық есеп концерті жоғары деңгейде болып өтті. Сахнада өнер көрсеткен жас таланттар өздерінің бір жылдық еңбектерін дәлелдеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында барлық қатысушылар Темір қаласының әкімі Мұқтар Сақтапұлынан алғыс хаттармен марапатталды. Бұл – олардың еңбегі мен талпынысының жемісі!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы