GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Деятельность
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
29 апреля 2026
Таза Қазақстан - ортақ міндет!
                       Таза Қазақстан - ортақ міндет!

2026 жылы 18 сәуір күн "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы
аясында ағаш отырғызу күніне орай Темір ауданы Саркөл ауылдық
округі Шұбарши ауылы "Саркөл ауылдық округі әкімі аппараты" ММ
ауласына ағаш отырғызу
жұмыстары жүргізілді.

29 апреля 2026
Балалар қауіпсізідігі - басты назарда!

Балалар  қауіпсізідігі - басты  назарда! 

               Балалардың  өмірі  мен  денсаулығы, олардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету -  әрқайсымыздың  басты  міндетіміз. 

               Сол  себепті  өрт, тоқ тарту, күн  өту,  жолда жүру  ережелері,  қауіпті  жағдайлардан  сақтану  туралы  ақпараттық - түсіндіру  жұмыстарын  күшейту  мақсатында  ақпараттық  парақшалар  таратылды. 

29 апреля 2026
Egov, eGov Mobile қосымшаларымен мемлекеттік қызметтер алу туралы ақпараттық - түсіндіру жұмыстары .

Egov, eGov Mobile қосымшаларымен  мемлекеттік  қызметтер алу   туралы

ақпараттық - түсіндіру  жұмыстары .

         Темір ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы Ахметова Гүлдана Мирболатқызы Саркөл ауылдық округі «Саркөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметкерлеріне және ақылы қоғамдық жұмысшыларға мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, сондай-ақ әкімдікке келген тұрғындарға да Egov, eGov Mobile қосымшалары арқылы алуға болатыны жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

13 апреля 2026
"Таза Қазақстан" акциясы

       Ақтөбе  облысы Темір  ауданы  Саркөл  ауылдық  округі  Шұбарши  ауылы Шұбарши жалпы  орта білім  беретін  мектебінің  ұстаздары "Таза Қазақстан"  акциясы  аясында  игі  бастамаға  үн  қосып,  мектеп  ауласында  сенбілік  жұмыстарын  ұйымдастырд

28 октября 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды

Мақала

 

Қызмет алушының құқықтары қорғалды

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Осылайша, қызметті алушы Көлік құралдарын есептен шығару үшін Ақтөбе облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталығына жүгінді.

Алайда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталықтың ақпараттық жүйесінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы ұйғарым пайда болғаннан кейін қызмет беруші мемлекеттік қызметті алудан бас тартты.

Кейін, қызмет алушы мұндай жағдайға келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, қорытындысы бойынша теміржол қозғалысы саласындағы қауіпсіздік сақталмаған кезде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылғаны анықталды.

Дегенмен, мұндай жағдайда бас тартулар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында төленбеген айыппұлдар болған жағдайда ғана берілуі тиіс.

Аталған жағдай ақпараттық жүйенің мемлекеттік қызметтің теріс нәтижесін беруіне әсер етті.

Департамент қызмет берушіге көлік құралдарын есептен шығару туралы ұсыным енгізіп, нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтірілді.

Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы - М. Шманов.

26 апреля 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды

Қызмет алушының құқықтары қорғалды

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.

Қызмет алу барысында, олҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.

Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушыныңжеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеугетура келді.

Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізіндеқызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктерібар түлғаларға қатыстытолық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.

         Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушығамемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылғанқұқықтарынтолықтай қалпына келтірді.    

Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.

 

 

Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы