GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
14 октября 2026
 Денсаулық – әр адамның басты құндылықтарының бірі.

 Денсаулық – әр адамның басты құндылықтарының бірі.

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабында азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы бекітілген.

 

Заңда көзделген медициналық көмекті азаматтар тегін алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда ақылы қызмет алу тәртібі де заңмен реттеледі.

 

Сапалы әрі қолжетімді медицина – халықтың өмір сапасын арттырудың маңызды негізі.

13 октября 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ!

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұжымы кезекті сенбілікке қатысты.
Сенбілік барысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, аумақты ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарына ерекше назар аударылды.
Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған жеріміздің көркеюіне ықпал етеді.
Тазалық – әр азаматтың мәдениеті мен ортақ жауапкершілігінің көрінісі. Қоршаған ортаны таза ұстау – баршамызға ортақ міндет!
🌱 Таза Қазақстан – таза болашақ!

28 августа 2026
Білім беру ұйымдарының барлығында жаңа тамақтану стандарты сақталуға тиіс – ҚР ДСМ

Білім беру ұйымдарының барлығында жаңа тамақтану стандарты сақталуға тиіс – ҚР ДСМ

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның білім беру ұйымдарында балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануына қатысты заманауи ұсынымдар негізінде әзірленген жаңа тамақтану стандарты қолданысқа енгізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа стандарт бойынша тағам құрамындағы қант мөлшері 3,6 есеге, ал тұз 5 есеге азайтылды. Сонымен қатар көкөніс, жеміс-жидек және сүт өнімдерінің үлесі арттырылды. Мәзірден шұжық өнімдері, ысталған тағамдар, спредтер, сондай-ақ құрамында қант пен тұзы жоғары өзге де өнімдер алынып тасталды. Құрамында қанты бар сусындар мен шырындардың орнына су, сүт, қышқыл сүт өнімдері және қанты аз басқа сусындар ұсынылады.

Негізгі мақсат – балалардың дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастырып, семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да созылмалы аурулардың даму қаупін төмендету.

2025 жылы бейінді және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, мектептерде бір реттік тамақтандыруға арналған бірнеше нұсқалы үлгілік мәзірлер әзірленді. Оларды жасау кезінде балалардың жасы, тағамның калория мөлшері және маусымдық ерекшеліктер ескерілді.

«Осы мәзірлердің негізінде 2025-2026 оқу жылында барлық өңірде перспективалық мәзірлер бекітілді. Бұл ретте тамақтану стандарты бір реттік шара емес, балалардың тамақтануын ұйымдастырудың тұрақты тәсілі екенін атап өткен жөн. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарының барлығында оны мәзір әзірлеу, азық-түлік сатып алу, сақтау және дайындау кезінде мүлтіксіз әрі жүйелі түрде сақтау қажет. Белгіленген талаптарды тұрақты орындау ғана балалар рационын сауықтыруға және болашақта олардың денсаулық көрсеткіштеріне оң әсер етуге мүмкіндік береді», – деді спикер.

25 августа 2026
2027–2029 жылдардың бюджетінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу

2027–2029 жылдардың бюджетінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу қарастырылған

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2027–2029 жылдардың бюджетінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық өсу мен бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың бекітілген көрсеткіштеріне қол жеткізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

«Экономикалық өсім бойынша бекітілген көрсеткіштерге қол жеткізу және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. 7 айда экономиканың өсуі 4,1% болды. Жыл қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің кемінде 5% өсімін қамтамасыз етуіміз қажет. Болжамда экономикадағы қазіргі жағдай, дамудың сыртқы факторлары және халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі мен сыртқы нарықтардағы ахуалға қатысты бағалаулары ескерілген. Республикалық бюджет туралы заң жобасы халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және экономикалық өсімді ынталандыру міндеттерін шешу кезінде макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау қажеттілігін есепке ала отырып әзірленді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

2027–2029 жылдарға арналған бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі – инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу. Мемлекеттік ресурстар халық алдындағы міндеттемелерді орындауға, өңірлерді дамытуға жұмсалуға тиіс.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі – инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу. Барлық мемлекеттік органдарға еліміздің белгіленген әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеті – жұмсалған әрбір теңгеден түсетін табысты арттыру, ресурстарды мемлекеттік міндеттемелерді орындауға, экономиканы, өңірлерді және адам капиталын дамытуға бағыттай отырып, қаржылық тәртіпті күшейту», – деп тапсырды Премьер-министр Олжас Бектенов.

Мемлекеттік қызмет
13 апреля 2026
🔹«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

🔹«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында @TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастыруда. Бұл — тұрғындарға экология және абаттандыру саласындағы мәселелер туралы тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін ыңғайлы цифрлық сервис.
✅ Аталған сервис 2024 жылдың маусым айында іске қосылып, бүгінде мемлекеттік органдармен байланыс орнатудың тиімді әрі кеңінен қолданылатын арнасына айналды. Өтінім жолдау үшін Telegram қосымшасында чат-ботқа кіріп, авторизациядан өтіп, мәселенің фотосын тіркеп, нақты мекенжайын көрсетіп, қысқаша сипаттама қалдыру жеткілікті. Өтінім автоматты түрде тиісті органдарға жолданып, артық қоңыраулар мен қосымша жүгінулерді қажет етпейді.
🔺Платформаның басты артықшылықтарының бірі — ашықтық. Пайдаланушы әрбір өтінімнің орындалу мәртебесін бақылап отыра алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесеп ұсынылып, көрсетілген қызметтің сапасын бағалау мүмкіндігі беріледі.

Мемлекеттік қызмет
13 апреля 2026
📄 2026 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесі толық жаңарды!

📄 2026 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесі толық жаңарды!

Енді барлық үдеріс онлайн форматта жүзеге асады: eqyzmet.gov.kz

📌 Конкурсқа қатысу үшін не істеу керек?
Кандидаттар міндетті түрде:

Қазақстан заңнамасы бойынша тесттен өтеді
Жеке қасиеттерін бағалау кезеңінен өтеді

📊 Тестілеу талаптары:

Барлығы 55 сұрақ
Кемінде 30 дұрыс жауап жинау қажет
Әрбір бөлім бойынша белгіленген шекті деңгейден өту міндетті

✅ Жеке қасиеттерді бағалау:
Лауазым түріне байланысты бірнеше бағытта жүргізіледі:
✔ аналитикалық және стратегиялық ойлау
✔ коммуникациялық дағдылар
✔ жауапкершілік пен нәтижеге бағытталу
✔ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
✔ көшбасшылық қабілеттер (басшылық қызметтер үшін)

🔉 Назар аударыңыз:

ЖҚБ тестілеуін айына 3 ретке дейін тапсырып, жоғары балл жинау мүмкіндігі бар
Іріктеу кезеңдері:
Ең жоғары балл жинаған ТОП-5 кандидат келесі кезеңге өтеді (құжаттар онлайн тапсырылады)
Басшылық лауазымдарға үміткерлер эссе жазып, әңгімелесуден өтеді
Басшылық емес қызметтерге практикалық тапсырмалар беріледі

❗️Маңызды өзгерістер:

Конкурстың аяқталу мерзімі 23–30 күннен 5–7 күнге қысқарды
Берілген сертификаттар мен тест нәтижелері 1 жыл мерзімінде жарамды

Жүйе толық автоматтандырылған, ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделген
Мемлекеттік қызметке түсу — енді тек білім мен қабілетке байланысты!

Төтенше жағдай
13 апреля 2026
Ақтөбе облысында өрт қауіпті кезеңге байланысты бақылау күшейтілді

Ақтөбе облысында өрт қауіпті кезеңге байланысты бақылау күшейтілді

Ақтөбе облысында өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты алдын алу және бақылау шаралары күшейтілді. Өңірде құрғақ шөп пен қоқысты жағу деректерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

‼️‼️Құрғақ әрі желді ауа райы өрт қаупін арттырып отыр. Осыған байланысты тұрғындардан өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау сұралады:
* от жақпау;
* құрғақ шөп пен қоқысты өртемеу;
* темекі тұқылдарын тастамау;
* ашық отты қараусыз қалдырмау.

📞 Өрт байқалған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.

⚠️Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарап, өз өмірі мен қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

29 октября 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды

 

 

Қызмет алушының құқықтары қорғалды

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Осылайша, қызметті алушы Көлік құралдарын есептен шығару үшін Ақтөбе облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталығына жүгінді.

Алайда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталықтың ақпараттық жүйесінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы ұйғарым пайда болғаннан кейін қызмет беруші мемлекеттік қызметті алудан бас тартты.

Кейін, қызмет алушы мұндай жағдайға келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, қорытындысы бойынша теміржол қозғалысы саласындағы қауіпсіздік сақталмаған кезде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылғаны анықталды.

Дегенмен, мұндай жағдайда бас тартулар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында төленбеген айыппұлдар болған жағдайда ғана берілуі тиіс.

Аталған жағдай ақпараттық жүйенің мемлекеттік қызметтің теріс нәтижесін беруіне әсер етті.

Департамент қызмет берушіге көлік құралдарын есептен шығару туралы ұсыным енгізіп, нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтірілді.

Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы - М. Шманов.

 

 

26 апреля 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды

Қызмет алушының құқықтары қорғалды

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.

Қызмет алу барысында, олҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.

Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушыныңжеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеугетура келді.

Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізіндеқызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктерібар түлғаларға қатыстытолық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.

         Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушығамемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылғанқұқықтарынтолықтай қалпына келтірді.    

Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.

 

 

Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы

 

 

Мемлекеттік қызмет
24 января 2024
Көлік Салығы

Құрметті ауылдастар!  Сіздерден 2023 жылға арналған көлік салығын төлеу сұралады.

Қосымша ақпаратты  Ы.Алтынсарина көшесі 11Б. біле аласыздар.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы