GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
12 мая 2026
9 мамыр- Ұлы Жеңіс күні

9 мамыр- Ұлы Жеңіс мерекесімен қатар Ақсай ауылының 1989 жылғы мектеп түлектерін мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай ауылымызда   әр жылдар түлектері арасында спорттық турнир ұйымдастырылуда . Тағылымды шара ауыл тұрғындарының басын қосып, достық пен бірлікті нығайтатын мерекелік кездесуге айналды. Турнир аясында  ұлттық нақышта киіз үй тігіліп, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл- күй сыйланды. 

Ішкі саясат
12 мая 2026
9 мамыр- Жеңіс күні

9 мамыр- Ұлы Жеңіс күніне орай ескерткішке гүл шоқтарын қою және тағзым ету рәсімі өтті. Тағылымды шараға Ақсай ауылдық округінің әкімі, ауыл ақсақалдары, ауыл тұрғындары және 1989 жылғы мектеп түлектері қатысып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиналған қауым майдангерлердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымызға деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығының белгісі.

Ішкі саясат
12 мая 2026
9 мамыр- Жеңіс күні

9 мамыр- Ұлы Жеңіс күніне орай Ақсай ауылдық округінің әкімі Е.Н.Бегимов Ақсай ауылының тұрғыны, тыл ардагері Тумышев Каппас ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Кездесу барысында ақсақалға құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылып, арнайы жеміс- жидек себеті табысталды. Тыл ардагерлерінің ерен еңбегі мен өмір жолы- кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Ардагерлеріміз аман болып, ел құрметіне бөлене берсін!

Ішкі саясат
12 мая 2026
7 мамыр- Отан қорғаушылар күні

7 мамыр- Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Ақсай ауылының су құбыры қызметкері Нұрғалиев Қажығали Іздашұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, арнайы сый-сияпатқа ие болды. Қажығали Іздашұлы - өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ауыл тұрғындарының алғысына бөленіп жүрген еңбекқор жан. Ол осы салада 10 жылдан астам уақыт табанды еңбек етіп, ауылдың тыныс тіршілігіне өз үлесін қосып келеді. Күннің ыстығы мен суығына  қарамай, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтың еңбегі әрқашан қызметке құрметке лайық.

Көгалдандыру және абаттандыру
12 мая 2026
Абаттандыру жұмыстары

Ақсай  ауылдық округіне қарасты  Шығырлы ауылының кіреберіс  аумағына ағаш  көшеттері қайта егілді. Бұл жұмыстар ауылдың көркеюі мен желекті көбейту мақсатында жүргізілді. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және ауыл келбетін жақсарту- баршамызға ортақ міндет.

Көгалдандыру және абаттандыру
08 мая 2026
"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акция

Ақсай ауылдық округіне қарасты Шығырлы ауылының саябағында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында аумақ тазартылып, сынған ағаштар жиналып, сыртқа шығарылды. Ауыл тұрғындарының  бірлескен еңбегінің  арқасында саябақ  аумағы тазартылып, көркейе түсті.Табиғатты қорғап, туған жеріміздің тазалығын сақтау әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Көгалдандыру және абаттандыру
08 мая 2026
Сырлау жұмыстары

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акция аясында Ақсай ауылындағы ойын алаңдары жаңартылып, сырлау жұмыстары жүргізілді.

Көгалдандыру және абаттандыру
28 апреля 2026
Өткенге құрмет- бүгінгі іс.

Н.Байғанин атындағы ескерткішке әктеу- сырлау жұмыстары жүргізіліп, тарихи нысанның келбеті жаңартылды.

Ішкі саясат
28 апреля 2026
80 жас ақыл мен парасаттың шыңы

Бүгін Ақсай ауылдық округінің әкімі Е.Н.Бегимов, Ақсай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Шипалаков және ардагерлер кеңесінің мүшесі К.Жумашев Ақсай ауылының тұрғыны Николай Даирович 80 жасқа толып,  мерейлі жасымен құттықтады. Құттықтау барысында  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Салимановтың құттықтау хатын К.Шипалаков табыстады және Е.Н.Бегимов ізгі тілегін білдіріп, мерейтой иесіне құттықтау хат тапсырып, иығына шапан жапты. Ардақты ақсақал ақ батасын беріп, ақтан ауыз тиіп, игі тілектерін арнады. 

22 апреля 2026
Жеке қабылдау

Ауыл әкімінің қабылдауында болып, ауылшаруашылық мәселелері тыңдалды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы