
"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акция аясында , "Мөлдір бұлақ" бағыты бойынша өзен-көлдердің айналасын тұрмыстық қоқыстан тазалау мақсатында Шығырлы елді мекенінде орналасқан бұлақтың маңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған шара барысында бұлақтың айналасы қоқыстан тазартылып, бұлақ көзі ашылып, қоршауы сырланды.