Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысында дене шынықтыру және спорттың дамуы туралы ақпарат

Ақтөбе облысы

Спорт және дене шынықтыру

1-ФК ведомстволық статистикалық есептілік деректеріне сәйкес 2020 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 32,03% құрады, осындай ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2019 жылғы деңгейге қарағанда 0,23%-ға өскен  немесе 6277 адам. 

Облыста 2149, оның ішінде ауылдық жерлерде 1254 бірлік дене шынықтыру және спорт ұжымы жұмыс істейді. 

Облыс бойынша 408 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оқушылар контингенті 2020 жылы 157919 мыңды құрады, оның ішінде мектептер мен клубтардың спорт секцияларында 19543 мың бала немесе
12,3
%, оның ішінде ауылда 6014 мың бала  шұғылданады.

Облыстың 44 колледжінде 2019 жылы  24805 мың адам оқиды, соның ішінде 41,04% немесе 10181 мың адам спортпен шұғылданады.

Облыстың 6 ЖОО-да жалпы контингенті 27796 мың студент оқиды,
спортпен және дене шынықтырумен 4048 студент немесе 14,5% шұғылданады.

Облыста ауылды жерлерде  халықты спортпен және дене шынықтырумен жүйелі шұғылдануға  тарту үшін жылдың басынан спорт жөніндегі
270 штаттық бірлік нұсқаушы-әдіскер енгізілді, ұқсас кезеңмен салыстырғанда жалпы саны 6 өскен.

Облыс аудандары мен қалаларында дене шынықтыру мен спортты дамыту және насихаттау мақсатында спорт түрлерінен спартакиадалар, турнирлер, біріншіліктер өтеді.

2019 жылғы 3-тоқсан бойынша облыста салуатты өмір салтын насихаттау мақсатында 646 спорттық-бұқаралық  іс-шара өтті, оған 37,3 мыңнан астам адам қатысты. 

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмысты облыста 3072 штаттық жұмыскер ұйымдастырады және өткізеді (оның ішінде ауылда – 1126 адам), былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 0,9%-ға
немесе 27 бірлікке азайған (в 2019  жылы  – 3045 бірл.).

2020 жылы  облыс бойынша спорт түрлерінен жаттықтырушылар саны    4737 құрайды, оның ішінде ауылда 1561 жаттықтырушы, жалпы білім беретін мектептерде  – 1556 жаттықтырушы,   ауылда 803 жаттықтырушы.

 

Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар.

2020 жылы облыста ұлттық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны 25 009 мың адамды құрады, былтырғы 2019 жылмен салыстырғанда адам өскен жоқ.

Облыста ұлттық спорт түрлерінен арнайы 1 спорт мектебі жұмыс істейді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыста мүмкіндігі шектеулі
816 спортшы бар, 2019 жылмен салыстырғанда 815 адам. Облыста мүгедектерге арналған 1 спорт  клубы жұмыс істейді.

Жоғары жетістіктер спортының дамуы.

Облыста 31 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) жұмыс істейді, онда 19,5 мың спортшы, спортта дарынды балаларға арналған Есет батыр атындағы облыстық мектеп–интернат-колледжінде 300 тәрбиеленуші, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде (ОЖСШМ) 157 спортшы шұғылданады.

Олимпиадалық спорт түрлерімен айналысушылар саны облыс бойынша 2010 жылы 159,3 мың адамды құрады.

Облыста олимпиадалық резерв даярлайтын 1 орталық жұмыс істейді. Аталған орталықта 111 спортшы айналысады, жаттықтырушылардың саны – 17 адам. 

Әртүрлі спорт түрлерінен ҚР ұлттық құрама командаларының құрамына Ақтөбе облысының 525 спортшысы кіреді, олардың ішінде: олимпиадалық – 274 (оның ішінде-31 қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша), олимпиадалық емес – 198, мүгедектер спорты түрлері бойынша-53.

2020 жылдың 9 айында 1 дәрежелі 83 спортшы, 128 спорт шеберіне үміткер, 21 спорт шебері, 3 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері дайындалды.

ҚР чемпионаттарында 133 медаль жеңіп алынды, оның ішінде: алтын – 42, күміс – 28, қола – 63.

Халықаралық турнирлерде - 26 медаль, оның ішінде: алтын – 14, күміс – 7, қола – 5.

Азия чемпионаттарында - 15 медаль, оның ішінде: алтын – 5, күміс – 7, қола – 3.

Соның ішінде еркін күрестен Азия чемпионы Ю.Батырмырзаевты ерекше атап өтуге болады.

Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Ақтөбе облысының спортшылары 3 лицензия жеңіп алды.

Ашық суда жүзуден Азия чемпионы В.Худяков бірінші лицензияны жеңіп алды және 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-сұлтан қаласында өткен еркін, грек-рим және әйелдер күресінен әлем чемпионатында Олимпиада ойындарына тағы екі лицензия жеңіп алды, бұл еркін күрестен қола жүлдегерлер Н.Санаев және грек-рим күресінен М. Айнагулов.

Сондай – ақ, байдарка мен каноэде есуден (2 адам-т.Хайдаров, в. Копьева) және еркін күрестен (Ю. Батырмырзаев) лицензия жеңіп алу жоспарлануда.

 

Спорттық инфрақұрылым.

2020 жылы облыста 1831 спорт құрылысы жұмыс істеді, соның
ішінде дене шынықтыру-спорттық мақсатта – 881 объект, жалпы білім беру мекемелерінде – 815 объект, спорт мектептері – 135 (соның ішінде ауылды жерде 729 объект, жекеменшік – 220 объект). (2019 жылы 1761 спорт құрылысы).

Облыста 18 стадион, 3 спорт сарайы, 20 спорт кешені, 6 шаңғы базасы, 47 атыс тирі, 1 ату алаңы, 2 спорттық манеж, 17 жүзу бассейні, 564 спорттық зал бар.

Өткен жылмен салыстырғанда 2020 жылы спорттық құрылымдардың саны 70 бірлікке өсті, соның ішінде спорт кешендері – 3,  спорт залдары – 5, бассейн – 3, ат манежі -1, жазықтықты құрылғылар -58.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Мәртөк ауылында бассейні бар (323,0 млн.теңге) дене шынықтыру-сауықтыру кешені, сондай-ақ Байғанин ауданында (Қарауылкелді а. – 349,9 млн. теңге), Темір ауданында (Шұбарқұдық а. 450,7 млн. теңге) дене шынықтыру-сауықтыру кешендері қолданысқа берілді. Ырғыз, Қарғалы, Әйтеке би,  Хромтау аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Ағымдағы жылы ұлттық спорт түрлері бойынша ОМБЖСМ базасында "иппотерапия" (417,0 млн.теңге) әдісімен дене мүмкіндіктері шектеулі балаларды (БЦП, аутизм,даун диагнозымен) оңалту үшін алаңы 76х36 метр ат қорасы бар жабық манеждің құрылысы аяқталды.

Темір ауданының Кеңқияқ (316,6 млн.теңге) және Шұбаршы (320,1 млн. теңге) ауылдарында, Ойыл ауылында (416,9 млн. теңге), Хромтау қаласында (1 085 7, млрд. теңге) және Хромтау ауданының Ақжар ауылында (217,3 млн. теңге) және Көктау ауылында (212,9 млн. теңге) ДСК құрылысы басталды (2020ж).

Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына ЖСҚ (480,2 млн. теңге) әзірленді. 

Ақтөбе қаласының Ақжар ауылында (жекпе-жек бойынша), Жаңақоныс ауылында (ойын түрлері) және 8 шағын ауданында ДШСК құрылысына ЖСҚ әзірленді.

2021 жылға қарай облыстың әр ауданын дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен қамтамасыз ету күтілуде.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенінің құрылысы жоспарлануда, ЖСҚ сараптамасының оң қорытындысы алынып, қаражат бөлу қарастырылуда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» аясында Қандыағаш қаласының БЖМСМ стадионы, Байғанин БЖСМ ғимараты күрделі жөндеуден өтті.

№2 БЖМСМ спорт залының және 1 қабаттың шатыр жабындысы бойынша және №2 БЖМСМ спорт залының еден жабындысы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, Кірпішті ауылында шаңғы роллер трассасының құрылысы жүргізілуде (870,0 млн.теңге).

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ұзындығы 2,5 км (450,0 млн.теңге) құрайтын вело - жүгіру жолы бар триатлон паркінің құрылысы жүріп жатыр.

 

Дата публикации
11 декабря 2020
Дата обновления
11 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

28 августа 2025
Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
28 августа 2025
Перечень рисков по внутреннему анализу коррупционных рисков ГУ «Управление физической культуры и спорта Актюбинской области» на 2025 год
Ақпарат
19 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы