Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысы әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының «Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі туралы мәлімет

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі дене шынықтыру мен дене мәдениеті дәрежесін толықтыру мақсатында 1985 жылы құрылды. 1986 жылы мұнайшылар құзырындағы ғимарат қолданысқа ынғайландырылған тұрғыда пайдалануға берілген.

«Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы 2016 жылдың 22 желтоқсанда Ақтөбе облысы әкімдігінің №539 қаулысымен «Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар -жасөспірімдер спорт мектебі» болып өзгертілді

Мек­теп­тің алға қойған негізгі мақсаты - оқушы­лар­мен жаттықтыру және тәрбие жұмыс­та­­рын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жақ­­сы жетістіктерге жетуге тәрбиелеу. Оқу­шылардың денсаулықтарын нығай­тып, таңдап алған спорт түрлерінен қабі­лет­­терін шыңдай білу, халықаралық аре­на­да спорт түрлерінен халқының, елінің на­мысын қорғайтын мықты ұл-қыздар өсі­ру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы бі­лім беретін мектептерге көпшілік спорт ба­ғытында көмек беру спорт мектебінің міндетіне кіреді. Міне, осындай аудан­дағы бірден-бір өзіндік орны қалып­тас­қан Қандыағаш қаласының мамандандырылған ба­лалар-жасөспірімдер спорт мектебінің де спорт саласына қосып жатқан өзіндік үлесі зор.

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінде

37 жатықтырушы жұмыс жасайды. Спорттың 10 түрі бойынша оның ішінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша еркін күрес, бокс, дзюдо, волейбол, қол добы, футбол, ауыр атлетика. Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша пауэрлифтинг, қазақ күресі, шахмат бойынша барлығы 85 топта 1280 оқушы қамтылған. Мектеп филиалдары: Сағашилі, Ақкемер, Жұрын ауылдары және Қандыағаш қаласының мектептерінде жұмыс істейді.

Жаттықтырушы оқытушылардың құрамы:

жоғары санатты жаттықтырушы-7,

І санатты жаттықтырушы - 2

ІІ санатты жаттықтырушы - 12

Мекен-жайы: Қандыағаш қаласы Тәуелсіздік даңғылы 3

Мекеменің инстаграм парақшасы: sport_kandyagash

Жауапты: мектеп әдіскері Айтжанов Жандос Абайұлы 87752500488.

 

Дата публикации
03 ноября 2020
Дата обновления
13 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

28 августа 2025
Перечень рисков по внутреннему анализу коррупционных рисков ГУ «Управление физической культуры и спорта Актюбинской области» на 2025 год
28 августа 2025
Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Ақпарат
19 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы