«В.Н.Цеханович атындағы №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ
Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы к., 25. Телефон 871335-21-6-56.
Инстаграм: tsekhanovichdiussh
Директор – Дәрібаев Дәулет Киікбайұлы.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасар – Исмаилова Асем Мирболатовна.
Мектептің құрылған жылы-1967 ж.
Спорт ғимаратында бокс және дзюдо залы бар. Сондай-ақ, спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушылар жалпы білім беретін мектептердің жаттығу залдарында жұмыс істейді: №1 және №2 мектеп-гимназиялар – грек-рим күресі, №6 және №8 орта мектеп – грек-рим күресі, Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп – грек-рим күресі, «Нұр-Бота балабақшасы – қыздарға арналған дзюдо. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап спорт мектебі Желтоқсан көшесі, 1а мекенжайы бойынша грек-рим күресінен сабақ алу үшін залды жалға алып отыр.
Сондай-ақ, ауылдық жерлерде спортты дамыту үшін Жылтыр, Мөңке би, Қауылжыр, Бегімбет (Айшуақ), Қаратоғай (Шетырғыз) ауылдарында бокстан, Ақтоғай, Бозой және Бершүгір ауылдарында грек-рим күресінен және Байқадам ауылында жаттықтырушы-оқытушы балалар арасында дзюдо күресінен сабақ береді.
Спорт мектебінде спорттың 3 түрі дамытылып жатыр: бокс, грек-рим күресі және дзюдо. Контингент бойынша 54 топта 748 бала, оның ішінде 211 ауылдық округтерде, барлық контингент санынан 30-ы қыз балалар.
Балалардың жасы оқу тобына байланысты 6 жастан 18 жасқа дейін.
В.Н.Цеханович атындағы №1 МБЖСМ-де барлығы 27 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді, оның 9 бокстан, 15 грек-рим күресінен және 3 дзюдодан.
Спорт мектебінің Жарғысы бойынша ақылы қызметтер қарастырылмаған.
Сабақ уақыты: бекітілген кестеге сәйкес.