"Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" МКҚК
Мекен -жайы: Ақтөбе қаласы, Жұбановтар бауырлар көшесі, 276 Б, 303-кабинет
Телефон: 57-10-01
Инстаграм: aktobe_sportclub
Директор: Картанова Гульнара Назаровна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Утеулина Айгуль Ербулатовна
Ашылу жылы:
Клуб үш санаттағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейді: тірек-қимыл аппараты бұзылғандармен, көру қабілеті бұзылғандармен және есту қабілеті бұзылғандармен.
Бүгінде клубта 1759 адам спортпен тұрақты түрде айналысады, бұл жалпы мүмкіндігі шектеулі жандар санының 12,1%-ын құрайды. Оның ішінде:
Клуб спорттың 20 түрін дамытады, олардың басым бөлігі Паралимпиада, Пара Азия ойындары, Сурдлимпиада және Спешиал Олимпикс бағдарламаларына кіреді.
Паралимпиадалық спорт түрлері:
Паралимпиадалық емес спорт түрлері:
Сурдлимпиадалық спорт түрлері:
Сурдлимпиадалық емес спорт түрлері:
Клубта 24 жаттықтырушы жұмыс істейді.
Спорт клубта мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту – басты басымдықтардың бірі болып табылады. Жаттығу үдерісі қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (ДЮСШ) базасында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Алдағы уақытта Сурдлимпиадалық және Паралимпиадалық ойындарға спортшылар дайындау – негізгі мақсаттарымыздың бірі.