Бадамша балалар –жасөспірімдер спорт мектебі
Мекен – жайы: Бадамша ауылы, Цыбульчика көшесі 11. Телефон 83122/22569 Инстаграмм bzsm_badamsha
Директор – Таджиева Галия Сарсенбаевна
Директордың оқу жөніндегі орынбасары- Сагимбаева Татьяна Владимировна. Мектептің құрылған жылы-1968ж.
Бадамша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимарат ішінде бокс және тренажер залы бар. Ғимарат алаңында жүгіру жолдары, футбол, волейбол алаңы, хоккей корты, 200 орындық трибуналар бар. 2025 жылдың 1 қаңтар айынан бастап Дене шынықтыру сауықтыру спорт кешені іске қосылды.Оның ішінде үлкен спорт залы, күрес,тренажер залдары және бассейн бар.
2024 жылдан бастап Қосестек және Петропавл ауылында спорт кешендері іске қосылды.
Спорт мектебінде 10 түрлі спортпен шұғылданады.Олар: бокс,волейбол, футбол,жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, жүзу, президенттік көпсайыс, тоғызқұмалақ, қазақ күресі. 45 топ жұмыс жасайды..
8 жастан 18 жасқа дейін барлық оқушылар саны-478.
Бадамша БЖСМ –де 32 жаттықтырушы-оқытушы , оның ішінде: 11 штаттық және 21 қосымша жаттықтырушы, 6 спорт нұсқаушы, 3 әдіскер, 4 медбике.
Ақылы қызметтер көрсетілмейді.
Сабақ уақыты: Дүйсенбі-Сенбі 8.30 - дан 20.00-ге дейін.
20.00-ден 22.00-ге дейін жастар айналысады.