Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10012 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 47) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене даярлығы клубтары қызметінің қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу жиыны процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары;
9) осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметі қағидалары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.