Бюджет Кодексі

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескерту!
       Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 245-баптан қараңыз.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауылдың (селоның)", "ауылдық (селолық)", "ауылдарда (селоларда)" деген сөздер тиісінше "ауылдың", "ауылдық", "ауылдарда" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       Ескерту. Мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша "ставкасы", "ставкаларының", "ставкаларын", "ставкасынан", "ставкасымен" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемесі", "мөлшерлемелерінің", "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемесінен", "мөлшерлемесімен" деген сөздермен, "проценттік", "проценті", "процент", "процентінен", "проценттен", "процентпен", "проценттер", "процентіне", "процентті" деген сөздер тиісінше "пайыздық", "пайызы", "пайыз", "пайызынан", "пайыздан", "пайызбен", "пайыздар", "пайызына", "пайызды" деген сөздермен, "аффилиирленген" деген сөз "үлестес" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.

Бюджет Кодексі
Дата публикации
23 ноября 2020