Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Мекенжайы: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Астана көшесі №39 Телефон 871341/21715 Инстаграм kobda_sport
Директор - Жанибекова Ольга Советбаевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Мизамхан Нұрболат
Мектептің ашылған жылы - 1994 жыл
Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2 спорт зал, 1 күрес, 1 бокс, 1 фитнес, және жатығу залы бар. 25 метрлік 4 жолақты жүзу бассейні бар. 1 стадион оның ішінде жүгіру жолы волейбол, баскетбол, футбол алаңы және трибунамен камтылған.
Мектеп 9 спорт түрі ( еркін күрес, қазақ күрес,дзюдо, бокс, жеңіл атлетика, президенттік көпсайыс, волейбол, футбол, жүзу) бойынша жұмыс жасайды.
Жалпы балалар саны 7-16 жасаралығында – 473 оқушы
Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 20 жаттықтырушы оның ішінде 10 штаттық, 13 жоғарғы білім, 7 арнаулы орта білім және II- санаттық 12 жаттықтырушылар жұмыс жасайды.
Сабақтың өткізілу уақыты:
Дүйсенбі– аралығында: сағат 9:00-ден сағат 20:30 дейін.
Қобда балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің жанындағы дене-шынықтыру сауықтыру кешені аудан тұрғындарына ақылы қызметтер көрсетеді.