Қаулы

Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Күші жойылды деп танылсын: 1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 303 «Ақтөбе облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5661 тіркелген) қаулысы; 2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 119 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 303 «Ақтөбе облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5902 тіркелген) қаулысы. 2. «Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
04 сентября 2025