2025 жылғы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша
анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Ұсыным |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыруда республика көлемінде бекітілген бірыңғай ақпараттық платформаның болмауы (Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 "Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы). |
Мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыруда республика көлемінде бекітілген бірыңғай ақпараттық платформа жоқ. Еліміздің әр өңірі әр түрлі өнім беруші ұсынған платформаларда жұмыс істейді. Өңірімізде платформа ақысыз негізде жұмыс істегенімен, өзге облыстарда «ҚР Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңына сәйкес ақылы қолданылады. Әр өңірде платформаның бірыңғай болмауы – өнім берушілер арасында жекелеген адамдарға басымдық беруге, яғни сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеледі. Бірңғай ақпараттық платформаның болуы тәуекелдерді жоюға мүмкіндік береді.
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыныз енгізу |
Хат, қызметтік жазба |
Қуандықұлы Е. |
2025 жылдың 1 тамызына дейін |
|
2 |
«Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысында көрсетілген спортшылардың жарыстарға баруға өтінімдер қабылдау. |
Өтінімдерді қабылдау мен іріктеу процесін автоматтандыру; Іріктеу критерийлерін ашық жариялау және нақты регламентке сәйкестігін бақылау.
|
ҚР Туризм және Спорт Министрлігіне қаулыға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс беру |
Хат, қызметтік жазба |
Қуандықұлы Е. |
2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін |
|
3 |
Қазақстан Республикасының электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу, үшінші тұлғаларға беру (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі).
|
Басқармада қаржылық жұмыстарды жүргізу, бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қызметкерді өз саласы бойынша біліктілік арттыру семинарларына жылдық жоспарға сәйкес жіберіледі. |
Басқарма тарапынан жұмыс тобын құру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбалардың дұрыс қолданылуына (үшінші тұлғаларға бермеу) зерделеу жұмыстарын жүргізу; ЭЦҚ қолдану, үшінші тұлғаларға бермеу туралы бұйрық шығару
|
Талдамалық анықтама, бұйрық
|
М.Исбулатов А.Жасакбаева |
2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін |