Ақтөбе облысы әкімдігінің және әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің және әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560  «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігі Қаулы етеді:

  1. Қосы беріліп отырған Ақтөбе облысы әкімдігінің және әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті бекітілсін.
  2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

 

Ақтөбе облысының әкімі                                О.Оразалин

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің және әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы
Дата публикации
09 ноября 2020