2020 – 2021 жылдарға арналған Ақтөбе облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

2020 – 2021 жылдарға арналған Ақтөбе облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі  «Дене шынықтыру және спорт туралы»  Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5)  тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі

Қаулы етеді:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2020-2021 жылдарға арналған Ақтөбе облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
  2. «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • Осы қаулыны Ақтөбе облысының  Әділет департаментінде  мемлекеттік тіркеуді.
  • Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі                                  О. Уразалин

2020 – 2021 жылдарға арналған Ақтөбе облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
09 ноября 2020