Ақтөбе облысының дене шынықтыру
және спорт басқарма басшысының
2019 жылғы «20» наурыздағы
№ 62- ө бұйрығымен бекітілген
4 қосымша
Қаржы – экономикалық бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.Қаржы – экономикалық бөлімі (бұдан ары –Бөлім) «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін ҚР Конституциясы және Заңдарының, Президент және Үкіметтің, Ақтөбе облысы Әкімінің актілері және басқа да нормативтік – құқықтық актілерді бұдан басқа «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің Ережесін негізге ала отырып жүргізеді.
3. Бөлімнің құрылымын, штат санын «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басқармасының басшысы бекітеді.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
4.Негізгі міндеттері:
1) Бюджеттік есеп, бухгалтерлік есеп және қаржылық-экономикалық есеп – қисаптың орындалуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
5. Функциялары:
1)Жеке облыстық бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік есепті жүргізу.
2) Басқарманың аппараты бойынша бухгалтерлік есеп – қисапты және шоттар бойынша есебін жүргізу.
3) Төлем құжаттарын тіркеу және ресімдеу бойынша жұмыстарды жүргізу.
4) Мемлекеттік сатып алуда ҚР Заңдарын бұзылуына жол бермеу, бюджетке және зейнетақы қоры мен әлеуметтік міндетті төлемдерді уақытылы өткізу,
5) Жеке облыстық бюджеттің орындалуы туралы айлық, тоқсандық және жылдық жинақ есептерін жасап Қаржы басқармасына тапсыру;
6) Жеке облыстық бюджеттің дебиторлық қарыздарының ( фф1-ДЗ-Б және 1-ДЗ-П) және кредиторлық қарыздарының (фф1-КЗ-Б және 1-КЗ-П ) есебін жасап Қаржыбасқармасына тапсыру;
7) Облыстық бюджетте тұрған, Басқармаға қарасты мемлекеттік мекмелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтері) өткізудің ақшалардың түсуі және шығындар жоспарларының орындалуы туралы тоқсандық және жылдық есеп-қисапты жасау және Қаржы басқармасына ұсыну үшін жинақты есепті қалыптастыру.
8) Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшалар және оларды шығындау туралы тоқсандық және жылдық есеп – қисапты жасау және Қаржы басқармасына ұсыну үшін жинақты есепті қалыптастыру.
9) Алдағы қаржы жылына Басқарманы және басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған бюджеттік өтінімді есептіліктерімен жасау.
10) Басқармасының және басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру жоспарын жасау.
11) Бюджеттік бағдарламаның Стратегиялық жоспарын жасау.
12) Бюджетпен: әлеуметтік салық, жеке тұлғалардан табыс салығы, зейнетақы қорына міндетті жарналар бойынша есеп айырысу есептерін құру және Ақтөбе қаласының салық комитетіне тапсыру, облыстық статистика басқармасына ұсыну үшін белгіленген нысындарда есептерді жасау.
13) Басқарма бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге, балалар – жасөспірімдер спорт мектептері мен кәсіпорындарының материалдық- техникалық базасын нығайту шаралары бойынша жұмыстар ұйымдастыруға және қабылдауға жауапты болады.
14) БЖСМ-гі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жұмысын бақылауға алады. Барлық бухгалтерлік және қаржылық құжаттарды растайды.
15) Басқармаға қатысты материалдық мүлікке бақылау жасайды ( сатып алынған оргтехникалық лицензияларының болуына), келісім – шарттарды жасайды.
16) Бағынысты мекемелерге қаржылық рұқсат қағаздар береді.
17) Басқармада автоматтандырылған мемлекеттік ақпараттық жүйені техникалық қолдануды, электрондық құжат аайналым жүйесін жүзеге асырады (ЭҚАБЖ, МОИП).
18) Бюджеттік инвестицикалық жобаларды дамытуды іске асыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламаларды дамыту бойынша бөлімінің құзыреті шегінде бюджеттік ұсыныстарды әзірлейді.
19) Инвестициалық жобаларға, оның ішінде бюджеттік, спорт саласына техникалық – экономикалық сараптама жүргізеді, ТЭН және ЖСҚ әзірлеуді жүзеге асыратын жобалаушы ұйымдармен және мекемелермен өзара әрекеттесуді жүргізеді.
20) Мемлекеттік-жеке әріптестік аясындағы жобаларды жүзеге асырады.
21) Құрылыс обьектілерін жобалау үшін техникалық тапсырмалардың жобасын дайындайды.
22) Облыстағы спорт инфрақұрылымының жай-күйіне, оны дамытудың перспективалық жоспарына сараптама жүргізеді және әзірлейді.
23) Облыстағы тіректі ауылдық елді мекендер дамуының кешенді жоспарын, Ақтөбе агломерациясын дамыту жөніндегі іс – шаралар жоспарының орындаулуы туралы есептік ақпараттар әзірлейді.
24) Инвестициялық жобалар бойынша деректер басзасын қалыптастырады, жергілікті атқарушы органдармен басым инвестициялық жобалармен өзара әрекет жасайды.
25) Басқарманың қарамағындағы тұрғын үйлері боынша келісім – шарттар жасайды.
26) Басқарманың күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық жарыстар мен басқа шараларға қаржыландыру жұмыстарын жүргізеді.
27) ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес, бөлім қызметінің құзыретіне кіретін хаттар, арыз- шағымдарды қарайды.
28) Бөлімге жүктелген тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік органдермен, лауазымды тұлғалармен әрекеттесіп жұмыс жасауды іске асырады.
6.Құқығы:
1) Белгіленген тәртіппен Басқармаға қарасты мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
2) Жұмыста Қазынашылық департаментінің нысандарын, үзінділерін, ҚР Дене шынықтыру және спорт министрлігінің есеп және есептілік бойынша нұсқаулары мен әдістемелерін және басқа қажетті нормативті актілер мен материалдарды пайдалануға;
3) Басқарманың өзге бөлімдерінің мамандарын кеңес беру үшін тартуға құқылы.
4) Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, Басқармаға қарасты, мемлекеттік мекемелерден қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді алуға құқы бар.
3. Бөлім қызметін ұйымдастыру
7. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
8. Бөлімді Қазақстан Респубилкасының заңнамасында белгіленген тәрттіпен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
9.Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
10.Бөлім басшысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
11.Бөлім басшысы осы мақсатта:
1)Бөліммамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
2)Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12.Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасынын қызметкерлерінін қызметтік міндеттері «Б» қойлатын біліктілік талаптарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)мемлекеттік қызмет эткасына сәйкес белгіленеді.
Қаржы – экономикалық
бөлімінің басшысының м.а. А.Оспанова