Жоғары жетістіктер спорты және СР УФКиС бөлімінің ережесі

Ақтөбе облысының дене шынықтыру
және спорт басқарма басшысының
2019 жылғы «20» наурыздағы
№62- ө бұйрығымен бекітілген
2 қосымша

Жоғарғы спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Жоғарғы спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) –дене шынықтыру және спорт басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.
1.2. Бөлім - Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) ажырамас бөлігі болып табылады және олимпиадалық спорт түрлерін дамытуды жүзеге асырады. Олимпиадалық спорт түрлерінен жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауды және басқармаға қарасты ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
1.3. Бөлім өз қызметінде «Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы « мемлекеттік мекмесінің Ережесін, осы Ережені және тағы басқа құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа алады.
1.4. Бөлімнің құрылымы және штаттық саны дене шынықтыру және спорт басқармасының штаттық кестесімен анықталады.
1.5. Бөлім «Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің башысымен бекітілген жұмыс жоспарымен жұмыс жасайды.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

2.1. Негізгі міндеттері:
1) Дене шынықтыру және спорт саласындағы олимпиадалық спорт түрлері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады.
2) Дене шынықтыру және спорт саласындағыолимпиадалық бағыттарды дамыту түрлері бойынша әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
3) Олимпиадалық спорт түрлері бойынша облыстық спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
4) Облыстық балалар жасөспірім спорт мектептерінің жұмысын қадағалайды, жетекшілік жасайды;
5) Олимпиадалық спорт түрлері бойынша мониторинг жүргізу, (спортшылардың нәтижелік көрсеткіштеріне талдамалық анықтамалар, резерв, күтілетін нәтижелер бойынша) ақпараттар дайындау.
6) Олимпиадалық спорт түрлерінен облыстың ұлттық құрамаларын дайындайды және олардың Қазақстан Республикасының чемпионатына, кубоктарына, біріншіліктеріне, кешенді іс-шараларға және басқада халықаралық, республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.

2.2.Функциялары:
1) Облыстық дене шынықтыру және спорт саласында нормативтік құқықтық және өзге де актілердіжетілдіру жөнінде енгізеді.
2) Өз құзыреті шегінде спорт саласындағы ақпараттық, жарнамалық және баспа жұмыстарын дамытуға қатысады, сондай-ақ олимпиадалық және спорттық қозғалыстарды насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
3) Олимпиадалық спорт түрлеріндегі спортшылардың денсаулығын қорғау, оларды фармакологиялық препараттармен, ақуыз-глюкоза препараттарымен және витаминдермен қамтамасыз ету жөнінде уәкілетті денсаулық сақтау органдармен бірлесе отырып шаралар қабылдайды.
4) Басқарма басшысының аппараттық кеңес, алқа отырыстарында қойылатын мәселелерді дайындауды ұйымдастырады.
5) Жоғарғы тұрған мемлекеттік органдар және басқармалар қабылдайтын құқықтық нормативтік және өзге де актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
6) Ведомстволық бағынышты ұйымдардағы олимпиадалық спорт түрлерін дамытуды талдайды және осы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды.
7) Республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен халықаралық және ұлттық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық нысандарды жобалау бойынша техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырмаларды үйлестіреді.
8) Облыстық уәкілетті органмен келісе отырып дене шынықтыру және спорт саласындағы басым спорт түрлерінің аймақтық тізімін әзірлейді және бекітеді.
9) Ведомстволық бағынышты ұйымдарға облыстық дене шынықтыру және спорт саласында қолданыстағы заңнамалардың өзгерістерімен уақытылы таныстыру жұмыстарын жүргізу.
10) Облыстың барлық аймақтарында оқу жаттығу, оқу үдерістерін және допингті бақылауды ұйымдастыру, спорт клубтары желісін, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін, «Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, олимпиада резервін даярлау орталығы және жоғары спорт шеберлігі мектебі дамытуды үйлестіру.
11) дене шынықтыру және спорт саласында мамандардың қажеттілігін зерделейді және олардың тиісті саладағы оқу орындарында даяарлануына өтінім жасайды.
12) Олимпиадалық спорт түріндегі ведомстволық ұйымдардың қызметін бақылауға.
13) Бағынышты ұйымдардан қажетті құжаттар мен анықтамалық материалдарды сұратуға.

2.3.Құқығы:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамамен бекітілген тәрттіппен түсіндірме беруге;
2) Өз құзыреті шегінде атқарушылық тәртіп мәселесі бойынша бұйрықтар, басқа да нормативтік, құқықтық актілер дайындауға сондай- ақ қызметтік хаттар енгізуге.
3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, мәжілістер және басқа да іс- шаралар өткізуге облыстық басқарма басшысының бұйрықтарын орындауын қадағалау мақсатында тапсырмалар бере алады.
4) облыстық, аудандық балалар жасөспірім спорт мектептерінің директорларына;
5) қалалық және аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімдерінің басшыларына.
3.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

3.1. Бөлімді Қазақсатан Ресбуликасының мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.
3.2.Бөлімнің басшысы Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
3.3. Бөлімге түскен құжаттардың орындалуына бақылау жасайды;
3.4. Бөлімнің қызметкерлерінің Еңбек және орындаушылық тәртібінің орындалуын қадағалайды;
3.5. Басқарма басшысының бұйрықтары, өкімдері және басқа да құқықтық-актілердің орындалуына бақылау жасайды;
3.6. Ақтөбе облыстық басқарманың бұйрығының, өкімдерінің орындалуын бақылау дене тәрбиесі және спорт саласында басқарма және бөлімдерінің жұмыстарын ұйымдастыру;
3.7. Жоғарғы спорт жетістіктері және спорт резервіндамытуда іс-шараларына сәйкес мерзімімен ақпаратты қамтамасыз ету;
3.8. Басқарманың күнтізбелік жоспарының орындалуына бақылау жасау;
3.9. Бөлім басшысы өзінің құзыретіне сәйкес құжаттарға қол қояды;
3.10. Бөлімнің қызметшілерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
3.11. Бөлімнің ережесіне толықтырулармен өзгерістер жасайды;
3.12. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшыларынан қызметкерлерінің құқықтарына және міндеттерін орындауда ықпал жасауларын талап етеді;
3.13. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлерінің қызметтік міндеттері «Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына қойлатын біліктілік талаптарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)мемлекеттік қызмет этикасына сәйкес белгіленеді.


Жоғарғы спорт жетістіктері және
спорт резерві бөлімінің басшысы А.Балманов

 

Жоғары жетістіктер спорты және СР УФКиС бөлімінің ережесі
Дата публикации
02 ноября 2020