Ақтөбе облысының дене шынықтыру
және спорт басқармасы басшысының
2019 жылғы «20» наурыздағы
№62- ө бұйрығымен бекітілген3 қосымша
Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.Ұйымдастыру жұмыстары бөлімі(бұдан ары - Бөлім)«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Бөлімнің құрылымын, штат санын «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басқармасының басшысы бекітеді.
2. Бөлімніңнегізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
4. Негізгі міндеттері:
1) Басқарманың аппарат ішілік және оның құрылымдық бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру.
2) Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
3)Басқармада мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді насихаттау.
5) Ақпараттық технологияларды қолдану, саланы цифрландыру.
6) Басқармаға бағынысты ведомстволық ұйымдар басшыларыныңбелгіленген тәртіппен өткізілетін аттестаттау жұмысын ұйымдастыру.
7) Басқарманың құжат айналымын ұйымдастыру және орындау тәртібін бақылау.
8) Басқарманың құжаттарын бекітілген ережеге сәйкес, мұрағатқа өткізу.
5. Функциялары:
1)Басқарма бөлімдерінің жұмысын үйлестіру.
2)Басқармасын алқа мәжілісін өткізуді ұйымдастыру және оның қабылдаған шешімдерінің орындалуын бақылау.
3) Дене тәрбиесі қозғалысы және спорттың дамуы туралы ақпараттар әзірлеу, дене тәрбиесі және спорт мекемелерінің бөлімге қатысты қызметіне талдау жасау.
4)Басқарманың құрылымдық бөлімдері жасақтайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысу.
5) БАҚ арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене шынықтыру мен спорттың ролін насихаттауды қамтамасыз ету.
6) Басқарма басшылығының заңды және жеке тұлғаларды қабылдауын ұйымдастыру.
7)Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің облыс әкімінің тапсырмаларын, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін орындауын бақылауды жүзеге асыру.
8)Басқарманың жұмысының ағымдық және болашақ жұмыстарын жоспарлауды іске асыру.
9)Бөлімге жүктелген тапсырамаларды орындау үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен әрекеттесіп жұмыс жасауды іске асыру.
10)Басқарманың ресми іс-шараларын, басшының іскерлік кездесулерін ұйымдастыру.
11)Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өтуіне байланысты процедураларын өткізу, басқарма басшысының шешімдерін рәсімдеу, қызметкерлердің жеке істерін жүргізу, еңбек кітапшаларын, қызметтік тізімдерін жүргізу.
12)Мемлекттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын ұйымдастыру.
13)Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өтуі барысында олардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер бойынша ақыл-кеңестер беру, оның мемлекеттік қызметті өтеуі кезінде орындалуын бақылау.
14)Басқарманың тәртіптік, аттестациялық, конкурстық, тәлімгерлік, қызмет өтілін бекіту комиссияларының жұмысын ұйымдастыру.
15)Мемлекеттік қызметшілердің оқуын, қайта даярлануын (біліктілікті қайта көтеру), біліктілік көтеруін және тәлімгерлікті ұйымдастыру.
16) Басқармаға қарасты мекемелері басшыларын тағайындау бойынша басқарма басшысының шешімдерін рәсімдеу, жеке істерін жүргізу.
17)Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына беру үшін бекітілген тәртіппен құжаттарды дайындау.
18)Еңбек тәртібін қамтамасыз ету жөнінде жұмысты ұйымдастыру, басқарманың Тәртіптік комиссиясына құжаттар дайындау.
19)Басқарма қызметкерлерінің ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарының сақталуы жөнінде іс-шаралар жоспарын дайындау.
20)Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру.
21) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг және ішкі талдау жүргізу.
22) Мемлекеттік рәміздердің Ережеге сәйкес орналастырылуы және ұлттық стандарттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізу.
23)Бөлім қызметінің құзыретіне кіретін хаттар, арыз, шағымдарды қарау.
24)Электрондық құжат айналым жүйесін жүзеге асыру.
25) Іс қағаздары номенклатурасын әзірлеу және облыстық мемлекеттік мұрағатымен келісу.
26) Ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру.
27) Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқыту курсының жұмысын ұйымдастыру.
28) Басқарма құзыреті шегінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-талдамалық құжаттарды әзірлеу.
29) Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақталуы бойынша шаралар қабылдау;
30) Басқарманың құрылымдық бөлімшелеріндегі тілдік ахуалға талдау және мониторинг жүргізу.
31) «Электрондық үкімет» технологиялық қолдау жөнінде талдамалық материалдарды әзірлеу.
32) Басқармада автоматтандырылған мемлекеттік ақпараттық жүйені техникалық қолдауды жүзеге асыру.
6. Құқығы:
1)Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамамен бекітілген тәртіппен түсіндірме беруге.
2)Жетекші ететін мәселелер бойынша материалдар дайындау үшін басқарманың бөлімдерінен, қарасты мекемелерден, ұйымдардан және шаруашылық жүргізуші мекемелерден қажетті ақпаратты сұратуға және алуға.
3)Өз құзыреті шегінде атқарушылық тәртіп мәселесі бойынша бұйрықтар, басқа да нормативтік, құқықтық актілер дайындауға, сондай-ақ қызметтік хаттар енгізуге.
4)Басқарма алқасының, облыс әкімі мен әкімдігінің қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға қажет болған жағдайда басқарманың, қарасты мекемелердің,ұйымдардың, шаруашылық етуші тұлғалардың мамандарын тартуға.
5)Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, мәжілістер және басқа да іс-шаралар өткізуге.
6)Басқарма басшысы белгілеген басқа да өкілеттіктерді іске асыруға.
3. Бөлім қызметін ұйымдастыру
7.БөлімҚазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен фукцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
8.Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
9.Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
10.Бөлім басшысыДене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
11. Бөлім басшысы осы мақсатта:
1) Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойыншадене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлерінің қызметтік міндеттері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)мемлекеттік қызмет этикасына сәйкес белгіленеді.
Ұйымдастыру жұмыстары
бөлімінің басшысыР.Шумекеева