Ақтөбе облысының дене шынықтыру
және спорт басқарма басшысының
2019 жылғы «20» наурыздағы
№62- ө бұйрығымен бекітілген
1 қосымша
Бұқаралық және ұлттық спорттүрлерін дамыту бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.1. Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімі (әрі қарай– Бөлім) –дене шынықтыру және спорт басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.
1.2. Бөлімнің басты қызметі басшылықты жүзеге асыра отырып меншік иелігіне қарамастан дене шынықтыру және спорт саласындағы мекемелер арасында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту.
1.3. Бөлім өз қызметінде «Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекмесінің Ережесін, осы Ережені және тағы басқа құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа алады.
1.4. Бөлімнің құрылымы және штаттық саны дене шынықтыру және спорт басқармасының штаттық кестесімен анықталады.
1.5. Бөлім «Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің башысымен бекітілген жұмыс жоспарымен жұмыс жасайды.
2.1. Негізгі міндеттері:
1)балалар және жасөспрімдер спортын дамыту, тұрғындарды сауықтыру мақсатындатұрғындардың,мүгедектердің,денсаулықтары әлсіреген адамдардың әртүрлі санаттарының арасында дене шынықтыру-спорттық жұмысты үйлестіру,салауатты өмір салтын қалыптастыру,дене шынықтырудың ғылыми негізделген жүйесін енгізудің негізінде белсенді жұмысты ұйымдастыру;
2) дене шынықтыру және спортты жетілдіруде мемлекеттік стратегиялық құжаттарына, бағдарламаларына сәйкес берілген тапсырмаларын, өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша ақпараттарды жинақтау және талдамалық ақпараттар дайындау;
3) дене шынықтыру мен спортты,салауатты өмір салтын насихаттау саласын ақпараттық қамтамасыз ету;
4) дене тәрбиесі мен спорттың материалдық базасын нығайту, дене шынықтыру және спорт мекемелерін спорттық жабдықтармен,спорт киімдерімен қамтамасыз ету;
5) Басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
6) аудандарда дене шынықтыру мен спорттың дамуы бойынша талдамалық ақпараттар дайындау, ұсыныстар еңгізу;
8)бұқаралық және ұлттық спортты дамыту;
9) бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінен облыстың ұлттық құрамаларын дайындайды және олардың Қазақстан Республикасының чемпионатына, кубоктарына, біріншіліктеріне, кешенді іс-шараларға және басқада халықаралық, республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.
10)Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне жетекшілік жасау;
11)бұқаралық және ұлттық спортты дамытуда жүйелілік,жинақылық мониторинг және сараптама жасау;
12; Мектеп оқушылары мен студенттер арасында спортты дамыту.
2.2.Функциялары:
1)Белгіленген тәртіппен Бөлім құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Ақтөбе облысының әкімдігінің қарауына ұсынады;
2)тұрғындарды дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы сауықтыру жөніндегі аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
3)дене шынықтыру және спорт саласында нормативтер стандарттарыныңсақталуына бақылау жасайды;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыстар жүргізу, ішкі бақылау шараларын ұйымдастыру, есеп-ақпараттар әзірлеу, талдау жасау, ұсыныстар дайндау.
5)Ақтөбе облысы аумағында өткізілетін облыстық, республикалық,халықаралық жарыстар жеңімпазадарымен жүлделерін мақтау қағаздармен,дипломдармен,жүлделермен және сыйлықтармен мараппаттайды;халықаралық байланыстардың кеңеюіне септеседі,дене шынықтыру және спортсаласында халықаралық келісімдерді (меморандум) әзірлеуге қатысады;
6) тұрғындармен дене шынықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыруда спорт түрлері бойынша облыстық органдарға,облыстық федерацияларға ұйымдастрыушылық және әдістемелік көмек көрсетеді;
7) мүдделі ұйымдармен бірге мүгедектер,денсаулығы әлсіреген адамдар, жетім балалар, кәсіпорындар мен ардагерлер арасында дене шынықтыру және спорт жұмыстарын жүргізеді.
8)дене шынықтыру және спорт саласында мүдделі ұйымдармен бірлесіп ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз етеді;
9) дене шынықтыру және спорт бойынша мемлекеттік және салалық статистикалық есептілік жинауды және оларды қорытуды ұйымдастырады,Ақтөбе облысында саланың дамуы туралы талдау материалдар дайындайды және оларды мүдделі ұйымдарға жолдайды;
10)облыстық бұқаралық және спорттық іс шаралар күнтізбелік жоспарын әзірлеу және оны іске асыру;
11)Ақтөбе облысы аумағында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру Комитетімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетімен, республикалық және халықаралық жарыстардың белгіленген тәртібімен жарыстар ұйымдастырады;
12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мүдделі ұйымдармен бірігіп, дене тәрбиесі сауықтыру спорт бағытындағы мекемелердің қосымша құрылуын дамыту желілерін дамытуға жәрдемдеседі, олардың қызметінің ұйымдастыру.
2.3.Құқығы:
1)бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамамен бекітілген тәрттіппен түсіндірме беруге;
2)өз құзыреті шегінде атқарушылық тәртіп мәселесі бойынша бұйрықтар, басқа да нормативтік, құқықтық актілер дайындауға сондай- ақ қызметтік хаттар енгізуге.
3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, мәжілістер және басқа да іс- шаралар өткізуге облыстық басқарма басшысының бұйрықтарын орындауын қадағалау мақсатында тапсырмалар бере алады:
- облыстық, аудандықбалалар жасөспірім спорт мектептерінің директорларына;
- қалалық және аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімдерінің басшыларына.
3.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
3.1.Бөлімді Қазақсатан Ресбуликасының мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.
3.2.Бөлімнің басшысы Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
3.3.Бөлімге түскен құжаттардың орындалуына бақылау жасайды;
3.4.Бөлімнің қызметкерлерінің Еңбек және орындаушылық тәртібінің орындалуын қадағалайды;
3.5.Басқарма басшысының бұйрықтары, өкімдері және басқа да құқықтық-актілердің орындалуына бақылау жасайды;
3.6.Ақтөбе облыстық басқарманың бұйрығының, өкімдерінің орындалуын бақылау дене тәрбиесі және спорт саласында басқарма және бөлімдерінің жұмыстарын ұйымдастыру;
3.8.Басқарманың күнтізбелік жоспарының орындалуына бақылау жасау;
3.9.Бөлім басшысы өзінің құзыретіне сәйкес құжаттарға қол қояды;
3.10.Бөлімнің қызметшілерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
3.11.Бөлімнің ережесіне толықтырулармен өзгерістер жасайды;
3.12.Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлерінің қызметтік міндеттері «Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына қойлатын біліктілік талаптарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)мемлекеттік қызмет этикасына сәйкес белгіленеді.
Бұқаралық және спорт
ұлттық түрлерін дамыту
бөлімінің басшысыА.Мурсалимова