Бекітілді
әкімдігінің қаулысымен
Ақтөбе облысы
2020 жылғы "10" 08
№ 290
Мемлекеттік мекеме туралы ереже
"Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы"
1. Жалпы ережелер
1. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы"мемлекеттік мекемесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Басқармасы "мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады,
дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын,
Халықты жұмысқа тарту үшін жағдай жасау жөніндегі уәкілетті орган
дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысу, спортшыларды даярлау
саласындағы жоғары біліктілік және спорт резервінің
2. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
3. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті"мемлекеттік мекемесіне шоты бар.