|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
|
Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы. Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы. Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
|