Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасында 2018-2021 жылдар аралығында жүргізілген аудит туралы ақпарат
Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясыясымен 2021 жылғы 15 қарашадан бастап 2022 жылғы 18 ақпанға дейінгі кезеңге Ақтөбе облысында спортты дамытуға, оның ішінде спорт түрлерін саралауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит жүргізілді. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: ююджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың, сондай-ақ бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаудың тиімділігін бағалау. 2018 жылғы 01 қаңтардан 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 15 840 625,6 мын.теңгені құрады.
Тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражатын тиімсміз жоспарлау, тиімсіз пайдалану бойынша және 32 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Спорт түрлері басымдығының сақталмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізбеуі бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау болып табылады.
Ақтөбе облысы бойынша спорттық – бұқаралық іс – шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесі формалды түрде әзірленіп, спорттық іс – шаралар күнтізбе жоспарына сәйкес жүзеге асырылмаған.
Мемлекеттік сатып алу шартында көзделген спортшыларды медициналық тексеруден өту қызметтері үшін негізсіз төлемдер фактлеріне жол берілген.
Функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Басқармамен тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою бойынша жүйелі шаралар қабылдау және Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамаларын орындау мақсатында бюджеттік және өзге де заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.