Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының 2020 жыл қорытындысы мен 2021 жылға міндеттері туралы

Ақтөбе қаласы және аудан әкімдіктерімен  23 007 жаңа жұмыс орындары құрылды, 107 % (жоспар 21 518 бірлік).    Өңірде елдегі төтенше жағдай және шектеу шараларына байланысты орын алған дағдарысқа қарамастан, «Еңбек» бағдарламасы (54 248 адам)  мен «Жұмыспен қамту жол картасын»        (6103 адам) жүзеге асырырылып, атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде  60 351 жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды немесе 125.8% (жоспар- 47 963 адам).  

       2020 жылы  33 589 адамы бар  6 695 аз қамтылған отбасына  2 235,1 млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

     Облыс бойынша  696 отбасына  9,9  млн.теңгеге  тұрғын  үй  көмегі тағайындалып, төленді.

         Жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес аз қамтылған отбасыларына өмірлік қиын жағдайда біржолғы ақшалай төлем  76 804 адамға  2 470,3 млн.теңге көлеміндегі көмек  көрсетілді.

          Төтенше жағдай кезінде облыс тұрғындарына  19 санат  бойынша  барлығы 130 407 адамға  3 566,8 млрд.теңгеге  әлеуметтік  көмектер төленді.

Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес    2020 жылға 12 455  мүгедекке жалпы сомасы 1,4 млрд.теңге гигиеналық және техникалық жабдықтармен, протезді-ортопедиялық көмекпен және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз  етілді.

2021 жылға міндеттер:

-«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы аясында  облыста  50 мыңнан  астам адамды қамту;

-  23 мыңнан астам  жаңа жұмыс орындарын ашу;

-  жұмыссыздықты 4,8% деңгейінен асырмау.

-атаулы әлеуметтік көмекті  40 797 адамға көрсету;

- мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес  14 543 мүгедекті оналтудың  техникалық жабдықтарымен және қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.

Дата публикации
23 февраля 2021
Дата обновления
23 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы