Меню

Страницы

Статья

Ақтөбелік азамат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының арқасында өз ісін ашты

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тұрғыны Орынбасар Сүйінбаев Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысу арқылы грант алып, пластик есіктер мен терезелер дайындау бойынша өз ісін ашты.
Екі баланың әкесі Орынбасар Сүйінбаев отбасын тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін бизнеспен айналысамын деп шешті. Ол үшін ол өзіне таныс бағытты таңдады.
«Мен бұрын жалдамалы жұмысшы едім, ал демалыс күндері танысыммен терезелермен айналыстым. Содан кейін танысым көшіп кетіп, мен өзімді жаңа деңгейде сынап көруді шештім. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қолдау алған көптеген адамдарды білемін, сондықтан да байқап көру керек, тәуекелге бару керек деп ойладым», – деді ол.
Ол өзінің бұрынғы әріптесінің шеберханасынан бизнес жүргізуге арналған жабдықтардың бір бөлігін сатып алды, бірақ бұл жұмыс үшін жеткіліксіз болды: бірқатар манипуляциялар бойынша бәсекелестеріне жүгінуге тура келді. Бүкіл өндірістік процесті өз бетінше жолға қою үшін Сүйінбаев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында грантқа өтінім берді. Алынған ақшаға ол кескіш аралар, станок және т. б. қажетті жабдықтар мен құралдарды сатып ала алды.
Орынбасардың айтуынша, Мәртөк ауданында осы салада жұмыс істейтін бірнеше ұйым ғана бар, сондықтан бизнестен түсетін табыс отбасын қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
2021 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында мемлекеттік бағдарлама аясында өз ісін дамытуға 51 адам грант алды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өңірдің 203 тұрғыны, жастар практикасына 317 адам жіберілді. Тұрақты жұмыс орындарына 3922 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1075 адам, қоғамдық жұмыстарға 3226 адам қатысты.
2021 жылдың басынан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен өңірде барлығы 8 852 адам қамтылды.

Дата публикации
03 апреля 2021
Дата обновления
03 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы