2025 жылы облыс әкімімен 54 234 адамды жұмыспен қамтуды көздейтін Өңірлік жұмыспен қамту картасы бекітілді.
Жыл қорытындысы бойынша 55 737 адам қамтылды.
Оның ішінде:
3507 адам ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында;
22 864 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды;
18 940 адам «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» жобасы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілерінде;
9080 адам субсидияланатын жұмыс орындарына;
115 адам «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша;
567 адам қайтарымсыз гранттар алды;
647 адам «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алушылар құрған жұмыс орындарына орналастырылды.
ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Құрамында 15 481 адамы бар 2 885 кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасына 1 574,6 млн.теңге көлемінде Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 703 баласына 216,4 млн.теңгеге ақшалай төлем (әр балаға 1,5 АЕК 5898 теңге мөлшерінде) төленді.
ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ 129 отбасына 3,0 млн.теңгеге тағайындалды.
Жергiлiктi өкiлді органдарының шешiмдерiне сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы қосымша әлеуметтік көмек 2024 жылы 34 322 адамға 3,2 млрд.теңгеге көрсетілді.
МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРМЕН ЖҰМЫС
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау - басты міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда өңірде 31 794 мүгедектігі бар азаматтар тұрады, оның ішінде 5 833 – і балалар.
(1 топ – 3601, 2 топ –10537, 3 топ – 11823).
Әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдар қызметтің 55 түрін алуда, 2025 жылы 28 133 адамды қамту талап етіліп, оның 27 522 адамы (97,8 %) техникалық оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етілді.
2026 ЖЫЛҒА МІНДЕТТЕР:
- 33 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту;
- 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру;
- жұмыссыздықты 4,7% деңгейінен асырмау;
- атаулы әлеуметтік көмекті 18,0 мың адамға көрсету;
- 22 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдарға жеке аббилитациялау және оңалту бағдарламаларына сәйкес оңалтудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз ету;