Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік көмек

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі – АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтар құқылы.

Отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері нақты облыс үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткішіне байланысты айқындалады. АӘК тағайындау критерийі кедейлік шегі болып табылады, оның мөлшері медианалық табыстың 35 % - на немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 % - на тең.

АӘК тәсілін енгізудің негізгі мақсаты аз қамтылған азаматтарға немесе отбасыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлерін қамтитын кешенді әлеуметтік көмек көрсету болып табылады:

  1. ақшалай төлем – ай сайынғы;

2.жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары – оқытуға, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу. Сондай-ақ, өз ісін ашуға немесе бар бизнесті кеңейтуге микрокредит алу мүмкіндігі беріледі;

3.АӘК алатын отбасылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем.

АӘК тағайындау тоқсан сайын жүзеге асырылады.

АӘК тағайындалған сомасының мөлшері әрбір нақты адам (отбасы) үшін жеке, яғни жиынтық табыс пен кедейлік шегінің мөлшеріне байланысты анықталады.

АӘК 2 түрге жіктеледі : шартсыз және шартты ақшалай көмек.

  1. Шартсыз ақшалай көмек еңбекке жарамсыз азаматтары бар отбасыларға немесе отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесі объективті себептермен жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ отбасыларға беріледі (үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек баланы, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарды күтуді жүзеге асырады).

Шартсыз ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті қатысу талап етілмейді. Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

  1. Шартты ақшалай көмек өз құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға арналған және әлеуметтік келісімшарт жасалған және адал орындаған  жағдайда  көрсетіледі.  Әлеуметтік  келісімшарттың   қолданылу мерзімі 3 ай.

Шартты ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және ай сайын немесе әлеуметтік келісім-шарттың қолданылу кезеңіне бірыңғай түрде төленеді.

АӘК тағайындау үшін табысы аз отбасылар (азаматтар) тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, ауылдық жерлерде – ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне сәйкестендіру үшін өтініш пен жеке куәлік ұсынумен жүгінуге тиіс.

Дата публикации
06 декабря 2020
Дата обновления
22 января 2026
Тип

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы