Меню

Страницы

Статья

Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту

Еліміздің барша өңірлеріндегідей, Ақтөбе облысында 2026 жылғы 17 ақпаннан бастап "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сонымен қатар ҚР-сы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, ҚР-ның ішкі істер министрлігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 47 бірлескен бұйрықтарына сәйкес «Шетілдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға руқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жоба іске асырылу бастады.

Қандас мәртебесі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жыл мерзімге міндетті түрде қоныс аударған кезде ғана беріледі.

Ақтөбе облысы қандастарды қоныстандыру өңірлерінің қатарына кірмейді. Осыған байланысты «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтер көрсету 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды.

Облыста 2025-2026 жылдары қандас мәртебесін 84 отбасы (130 этникалық қазақ) алды, оның ішінде Өзбекстан Республикасынан  67 отбасы (110 адам), Ресей Федерациясынан      14 отбасы (17 адам), Түрікменстаннан 1 отбасы (1 адам), Тәжікстаннан 1 отбасы (1 адам),    1 отбасы (1 адам) Қырғызстаннан.

Қандастар келесі аудандар бойынша қоныстанды:

Ақтөбе қаласы-57 отбасы, 89 адам;

Мәртөк ауданы-7 отбасы, 14 адам;

Мұғалжар ауданы-9 отбасы, 9 адам;

Қарғалы ауданы -4 отбасы, 7 адам;

Алға ауданы-7 отбасы, 11 адам.

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
08 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы