Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекет құру болып белгіленген. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлығына негізделген.
Сонымен қатар, халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау критерийі Мемлекеттік қызметтің маңызды функционалдық және мәртебелік мәні бар имиджі болып табылады. Мемлекеттік қызметтің имиджі тұтастай алғанда мемлекеттік қызметшінің имиджімен тікелей байланысты, өйткені қызметкердің имиджімен мемлекеттік билік органдарына сенім мәселесі байланысты, олай болмаған жағдайда мемлекеттік билік органдарының қызметі тиімсіз болады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Нұр Отан" ХДП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында қоғамдық сенім деңгейін сақтауға және арттыруға мүмкіндік беретін мынадай этикалық нормаларды атап өтті: